Активтерді пайдалану және өткізу департаментінің директоры

Акционерлік қоғамы "Samruk- Kazyna Construction" Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
34

Қаралған саны:
1075

   Конкурс туралы

Білім профилі:

  •  Жоғары кәсіптік білім: техникалық және/немесе экономикалық немесе  заңгерлік.
Жұмыс тәжірибесі: 
  •  Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда мамандығы бойынша кемінде 9 (тоғыз) жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде 3 (үш) жыл.
Білімі мен дағдылары:
  •  Директор лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі тиіс, сондай-ақ лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білімі болуы тиіс.
  • Директордың стратегиялық және орта мерзімді жоспарлау, есептер мен талдау жазбаларын қалыптастыру, презентациялық материалдар мен сөз сөйлеулерді дайындау, басшылық тапсырмаларының орындалуын бақылау, персоналды басқару, персонал жұмысының тиімділігін талдау және бағалау қабілеттері мен дағдылары болуы тиіс.
 Негізгі міндеттері:   
  • Қоғамның меншігіндегі және/немесе сенімгерлік басқаруындағы тұрғын үй қоры (тұрғын үй кешендері) объектілеріне және бизнес-орталықтарға, сондай-ақ оларға іргелес аумақтарға (бұдан әрі - Объектілер) қызмет көрсету бойынша техникалық және авариялық қызметтердің жұмысын ұйымдастыру және өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
  • жалпы әкімшілік шығыстарды жоспарлау процесіне және Департаментке жетекшілік ететін қызмет бойынша Объектілерде қызмет көрсетуге (оның ішінде коммуналдық қызметтерге), пайдалануға, реконструкциялауға, күрделі және ағымдағы жөндеуге бөлінетін Қоғам қаражатын тиімді пайдалану процесіне басшылық ету;
  • қызмет көрсетілетін объектілердегі жылу және желдету жабдықтарын, сондай-ақ жылу желілерін техникалық дұрыс пайдалануды және уақтылы жөндеуді  ұйымдастыруды бақылау;
  • жылумен жабдықтау, ауа баптау және желдету жүйелерінің үздіксіз және апатсыз жұмысын қамтамасыз етуді бақылау;
  • сервистік компаниялар көрсететін қызметтердің сапасын мониторингілеу бойынша жұмысты және инженерлік желілерге, жабдықтарға, оның ішінде жылу, желдету жабдықтарына, кәріз және су құбырларына техникалық қызмет көрсетуді  ұйымдастыру;
  • Объектілердің коммуналдық, пайдалану шығындарын уақтылы төлеуді жоспарлау, ұйымдастыру және мониторингілеу бойынша жұмысқа басшылық ету;
  • Объектілерді шаруашылық қамтамасыз ету және Қоғамның үздіксіз қызметі бойынша Қоғам бюджеті үшін шығындар бабын жоспарлау;
  • Объектілерде төтенше жағдайларды болдырмау, Қоғам мен жалға алушылардың мүлкіне материалдық залал келтіру, кеңсе қызметкерлерінің денсаулығына қауіп-қатердің алдын алу мақсатында, өртке қарсы қызметті регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілері шеңберінде Объектілерді өртке қарсы қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
  • Объектілердің офистік үй-жайларын жалға беру бойынша жұмысты ұйымдастыру және үй-жайларды жалға берудің тиісті шарттарын дайындау;
  • Департамент құзыреті шеңберінде қызмет мәселелері бойынша қажетті құжаттаманы уақтылы және сапалы дайындауды ұйымдастыру;
  • Департамент құзыреті шегінде қызмет мәселелері бойынша Департаменттің және/немесе Қоғамның қызметін регламенттейтін нормативтік, құқықтық, әдістемелік және анықтамалық материалдарды әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру және т.б.

Қажетті қабілеттер

  • стратегическое планирование
  • планирование бюджета
  • формирование отчетов

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр