Арыз-шағымдарды қабылдау бөлімінің менеджері
«Қазпошта» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- 1) Тағайындалған пошта операторларының (бұдан әрі - ТПО) шағымдары мен өтініштерін, шағым-талаптарын, Қоғамның бекітілген филиалдары бойынша Бөлімге келіп түсетін сұрау салуларды сапалы қарау;
2) Қоғамның бекітілген филиалдары бойынша ХПЖ жоғалғаны және ұрланғаны туралы Қоғамға келіп түсетін өтініштерді қарау;
3) Пошта қызметтеріне өтемдер төлеу қажеттілігін растайтын материалдарды дайындау және бұл туралы тиісті ТПО-ға ақпарат беру;
4) Интернетті пайдаланумен ақпараттық-анықтамалық жүйе бойынша «Cricket» сәлемдемелер поштасы туралы сұрау салуларды өңдеу;
5) Интернетті пайдаланумен ақпараттық-анықтамалық жүйе бойынша "PRIME" халықаралық жазбаша хат-хабар жөнелтілімдері туралы сұрау салуларды өңдеу;
6) Бөлімге келіп түсетін ТПО шағым-талаптары мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау үшін бекітілген филиалдар бойынша деректер жинау;
7) ТПО мен Қоғамның филиалдарынан келіп түскен жауаптардың сапасын бақылау;
8) Бекітілген филиалдар бойынша халықаралық жөнелтілімдердің жоғалуы және ұрлануы туралы ақпарат жинау;
9) ТПО-мен, Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен, ҚР-дағы пошта байланысы қызметтерін пайдаланушылармен ХПЖ іздеу бойынша хат алмасу;
10) Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарына өтініштер мен шағым-талаптарды қарау мәселелері бойынша практикалық көмек көрсету;
11) Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің кінәсінен ХПЖ салымдары жоғалған және ұрланған орындарды белгілеу, өтемдердің дұрыс және уақтылы төленуін бақылау
Талаптар:
- Экономика және/немесе қаржы және/немесе құқықтану және/немесе маркетинг және/немесе байланыс және/немесе техникалық ғылымдар және технологиялар және/немесе гуманитарлық ғылымдар бейіні бойынша жоғары білім.
Клиенттермен коммуникация және/немесе Call-center/байланыс-орталығында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болған кезде байланыс және/немесе экономика және/немесе қаржы, және/немесе заңтану және/немесе маркетинг және/немесе техникалық ғылымдар және/немесе гуманитарлық ғылымдар саласында арнаулы орта білімінің болуына жол беріледі. - Байланыс саласында және/немесе клиенттермен және/немесе Call-center/байланыс орталығында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі
Шарттар:
- сағат 09:00 - 18:30 аралығында бес кундік жұмыс; түскі үзіліс сағат 13:00 - 14:30 аралағында