Күрделі құрылыс басқармасының құрылысты техникалық бақылау бөлімінің жетекші инженері

Жалақы көрсетілмеген
АО «Алатау Жарық Компаниясы» Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
16

Қаралған саны:
1337

   Конкурс туралы

Талаптар:

- жоғары кәсіби (техникалық / энергетикалық) білімі және жұмыс өтілі 1 жыл

Функционалдық міндеттері:

1) құрылыс процесінде геодезиялық жұмыстардың орындалғанын растайтын құжаттардың болуын тексеруді жүзеге асырады;

2)құрылыс-монтаждау жұмыстары, авторлық және тәуелсіз техникалық қадағалау бойынша шарттық міндеттемелердің, "АЖК" АҚ регламенттер талаптарының сақталуын бақылайды;

3) құрылыс-монтаждау жұмыстары кестелерінің сақталуына тұрақты бақылау жүргізеді;

4) тәуелсіз техникалық қадағалау және авторлық қадағалау қорытындысы негізінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын конструкциялардың, бұйымдардың, материалдардың және жеткізілетін жабдықтардың жобалық шешімдерге, ҚНжЕ және стандарттардың, техникалық шарттардың және басқа да құжаттардың талаптарына сәйкестігін бақылайды;

5)құрылыста пайдаланылатын конструкциялардың, бұйымдар мен материалдардың сапасын куәландыратын құжаттардың (техникалық паспорттардың, сертификаттардың, зертханалық сынақтар нәтижелерінің және т. б.) болуын тексеруді жүзеге асырады;

6) куәландыруға ұсынылмаған жасырын жұмыстар анықталған жағдайда, орындалған жұмыстарды куәландырғанға және бағалағанға дейін одан әрі жұмыстарды жүргізуге тыйым салады;

7) тәуелсіз техникалық қадағалау қорытындысының негізінде тәуелсіз техникалық қадағалау және авторлық қадағалау, мөрмен бекітілген жеке қол қою, нақты орындалған көлемдер және олардың жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігі расталғаннан кейін осы актілерге бұрыштама қою арқылы № Ф-2В нысандағы актілер бойынша мердігер ұйымдардан орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарын қабылдауды жүзеге асырады;

8) бас мердігер және мамандандырылған (монтаждау) өкілімен, сондай-ақ жобалау ұйымымен бірлесіп, әзірлігіне қарай ғимараттар мен құрылыстардың, тіректердің, сыйымды құрылыстардың, көтергіш металл және темір-бетон конструкциялардың және т. б. жауапты конструкцияларын аралық қабылдауға қатысады.;

9) монтаждауға түсетін жабдықтың жай-күйін және жобаға сәйкестігін тексеруге, оны монтаждау сапасын бағалауға, кешенді сынауға және пайдалануға қабылдауға қатысады;

10) қабылданған және төленген құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі мен құнын, сондай-ақ мердігерлік ұйым сапасыз орындаған құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі мен құнын есепке алуды жүргізеді;

11) атқарушылық техникалық құжаттаманың (атқарушылық схемалардың, аспаптық түсірілімдердің, монтаждалған конструкциялардың, ғимараттар, құрылыстар мен инженерлік коммуникациялар бөліктерінің, жұмыстардың жалпы және арнайы журналдарының) болуын және жүргізілуін және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде анықталған кемшіліктер мен ақауларға байланысты оған өзгерістер енгізілуін бақылайды;

12) құрылыс-монтаждау ұйымдарының авторлық қадағалау мен сәулет-құрылыс бақылау органдарының нұсқаулары мен нұсқамаларын, сондай-ақ орындалатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының және қолданылатын конструкциялардың, бұйымдардың, материалдар мен жабдықтардың сапасы мәселелеріне қатысты тәуелсіз техникалық қадағалау талаптарын орындауын бақылайды;

13) жекелеген жұмыс түрлерін, ғимараттардың, құрылыстардың және тұтастай объектілердің конструктивтік элементтерін қабылдау кезінде анықталған ақаулар мен кемшіліктерді уақтылы жоюды бақылайды;

14) консервациялауға жататын объектілерді, ғимараттар мен құрылыстарды куәландыруға және құрылысты консервациялауға немесе уақытша тоқтатуға арналған құжаттаманы ресімдеуге, сондай-ақ жұмыстарды жалғастыру үшін құрылыс-монтаждау ұйымдарына беру кезінде объектілердің техникалық жай-күйін бағалауға қатысады;

15) қажеттілігіне қарай тәуелсіз техникалық қадағалау жүргізетін құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалған көлемдерін бақылау өлшемдеріне қатысады;

16) Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және сәулет - құрылыс бақылау органдары жүргізетін тексерулерге қатысады;

17) авторлық және/немесе тәуелсіз техникалық қадағалаулардың теріс қорытындысы негізінде жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келмейтін орындалған жұмыстар көлемін ресімдеуге жол бермейді;

18) техникалық кеңестердің хаттамаларын, бұйрықтар мен өкімдерді дайындайды, жоғары тұрған басшылықтың тапсырмасы бойынша хат алмасуды жүргізеді.

Электр қауіпсіздігі бойынша ІІІ санат болғаны жөн.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр