"Логистикалық сервис" филиалының директорының орынбасары

"Казпочта" АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
14

Қаралған саны:
682

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1) Қоғамның заңнамасы мен ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес филиалдың, сондай-ақ жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің қызметіне жалпы басшылық ету және бақылау; 
    2) жүк тасымалдары қызметтерін (ҚР ішінде және халықаралық бағыттар бойынша) және кедендік ресімдеу жөніндегі қызметтерді дамыту үшін филиалға басшылық жасау;
    3) кеден өкілі, жүк тасымалдау қызметтері бойынша филиалдың кірістер жоспарының орындалуын үйлестіру;
    4) халықаралық пошта жөнелтілімдері партияларын қалыптастыру үшін арнайы экономикалық аймақтың аумағына әкелінген тауарлар санаттарын қабылдау және қалыптастырылған халықаралық пошта жөнелтілімдерін арнайы экономикалық аймақтың аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге "Қорғас"шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының аумағында әкету қызметін дамыту жұмыстарын жүргізу;
    5) Қазақстан Республикасының ішінде және одан тысқары жерлерде жүк тасымалдау қызметтерін енгізу, дамыту, сату және сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу;
    6) декларанттың немесе өзге де мүдделі тұлғаның атынан және оның тапсырмасы бойынша кедендік операцияларды жасау бойынша кеден өкілінің қызметтер көрсетуіне бақылау жасау;
    7) қазіргі клиенттермен ынтымақтастықты кеңейтуге және жаңа клиенттерді тартуға көмек көрсету;
    8) жетекшілік ететін қызметтер бойынша интернет-дүкендерді тарту арқылы электрондық коммерцияны дамыту жұмыстарын жүргізу;
    9) нарық пен қажеттіліктерге талдау жүргізуге, көрсетілетін қызметтердің негіздемелері мен тиімділігінің есептеулерін дайындауға бақылау жасау;
    10) "Қазпошта"АҚ Даму стратегиясын іске асыру шеңберінде әзірленген филиалдың даму бағдарламаларын бекіту және іске асыру. "Қазпошта"АҚ Даму стратегиясын іске асыруға бағытталған іс-шаралар мен жобалардың орындалуын бақылау және қамтамасыз ету;
    11) пошта жөнелтілімдерінің салымын жымқыру, ұрлау, тонау, қарақшылық, жоғалту және ауыстыру, алаяқтық және сыбайлас жемқорлық көріністерінің фактілерінің жолын кесуге және болдырмауға бағытталған алдын алу іс-шараларына бақылау жасау және ұйымдастыру;
    12) филиалдың тиісті құрылымдық бөлімшелерінің тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуы тәртібін реттейтін заңнама мен Қоғамның ішкі нормативтік құжаттары (бұдан әрі – ІНҚ) талаптарының сақталуына бақылау жасау, оның ішінде:
    а) ай сайын жеткізілетін тауарлардың мәлімделген техникалық сипаттамаға сәйкестігін іріктеп салыстырып тексеру;
    б) сатып алу жоспарының орындалуын және сатып алу жоспарының орындалуы бойынша есептіліктің уақтылы ұсынылуын бақылау;
    13) шаруашылық қызметті орындау кезінде сатып алу туралы шарттарды уақтылы жасасу шараларын қабылдауға, сондай-ақ контрагенттердің шарттық міндеттемелерінің орындалуын бақылау;
    14) "Жалпы қызмет көрсету орталығы" филиалының бухгалтерлік және салық есебі құрылымдық бөлімшесіне тиісті құжаттардың толық топтамасының уақтылы ұсынылуын бақылау;
    15) атқарушы органның, Қоғам басшылығының шешімдері мен тапсырмаларын, Қоғамның хаттамалық тапсырмаларын орындау;

Талаптар:

  • Бейін бойынша жоғары білім: қаржы және / немесе менеджмент, және/немесе экономика, және/немесе маркетинг, және/немесе логистика және / немесе кеден ісі.
    MBA дәрежесі болуы керек.
    Мүмкіндігінше логистика және/немесе e – commerce саласында халықаралық сертификаттардың болуы.
  • Логистикада және/немесе пошта саласында және/немесе электрондық коммерция және/немесе экономика және/немесе қаржы, және/немесе құқықтану және/немесе АТ және/немесе маркетинг салаларында кемінде 5 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл немесе төмен тұрған лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы "Қазпочта" АҚ-дағы лауазымы кемінде 2 жыл.

Шарттар:

  • дүйсенбі- жұма 09.00- 18.00, түскі үзіліс 13.00 - 14.00-ге дейін

Қажетті қабілеттер

  • Логистика
  • заместитель директора