Тауар кассирі Жүк шаруашылығы АЛТЫНКӨЛ СТАНЦИЯСЫ (Алтынкөл ДС) НОД-7 (Алматы бөлімшесі, «ГП») «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Құрметті үміткер!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да бос лауазымдарға қызметкерлерді жұмысқа қабылдау/ауыстыру бойынша әділ және ашық іріктеу процесі жүзеге асырылады.
Егер іріктеудің қандай да бір кезеңінде Сізге жұмысқа қабылдау/ауыстыруға қандай да бір ақша немесе өзге де сыйақы үшін жәрдемдесу керек сияқты ұсыныс жасалса/ым-ишара жасалса – бұл алаяқтық!
Сізді сақ болуға, алаяқтық схемаларға қатыспауға және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жәрдемдеспеуге шақырамыз.
Осындай кез келген жағдайлар туралы «Ыстық желіге» 8 800 080 4747 және WhatsApp 8 771 191 8816 нөмірлеріне дереу хабарлауды сұраймыз. Немесе электрондық поштаға mail@sk-hotline.kz немесе KTZ HSE ISPB мобильді қосымшасына.
Лауазымдық міндеттері:
- транзиттік, импорттық, экспорттық, республикаішілік қатынастағы жүктерге арналған тасымалдау құжаттарын қабылдауды және олардың толтырылуының дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады;
- ҚХР-дан тасымалдау құжаттарын қабылдау кезінде «Аралас комиссиялар хаттамасын» және СМГС-қа СИ 10-бөлімін басшылыққа алады;
- тасымалдау құжаттарын қабылдау кезінде СМГС накладкасының 24-бағанында көрсетілген барлық транзиттік темір жолдар бойынша төлемнің бар-жоғын тексереді;
- қауіпті жүктерге арналған тасымалдау құжаттарын қабылдау және ресімдеу кезінде «Қауіпті жүктерді тасымалдау қағидалары» және СМГС-қа 2-қосымшаға сәйкес тиісті белгілерді қояды;
- тасымалдау кезінде тез бұзылатын, қатайып/қатып қалатын жүктер үшін жүк жөнелтуші көрсеткен тасымалдау құжаттарында «температуралық режимді сақтамай» деген белгісінің бар-жоғын тексереді;
- жүк қабылдап-тапсырушының жүк вагон парақтарын ресімдеудің дұрыстығын қабылдауды және тексеруді жүзеге асырады; жүктерді бір колея ені бар вагондардан екінші колея ені бар вагондарға қайта тиеу кезінде вагон парақтарын АСУ ПС бағдарламасы арқылы қабылдауды жүзеге асырады;
- жүктерді кедендік ресімдеу үшін, сондай-ақ бақыланатын жүктерге қатысты мемлекеттік қадағалау органдарына тасымалдау құжаттарын тапсырады;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Білім:орта (техникалық және кәсіптік)
Саладағы мамандықТеміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару;
Жұмыс тәжірибесіжұмыс өтіліне талап қойылмайды
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Бастапқы)
- Орыс тілі (Бастапқы)