"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "ЖТ Алматы бөлімшесі" филиалының Достық пайдалану вагон депосының өндірістік-техникалық бөлімінің 2-санатты инженер-технологы

179319 - 187663 KZT
ВЧД-26 ДОСТЫКСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ВАГОННОЕ ДЕПО (1 группа) Алматы облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
26

Қаралған саны:
2214

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Осы бос орынға жауап берген кезде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жазбаша немесе онлайн өтініш беру арқылы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама алуды сұраймыз (өтініш берушілер үшін кіру – өтініш беру – авторизация сұрау салу – "ҚР ГП КПСУ" таңдау және өз деректерін толтыру – қол қою және жіберу).

Анықтама беру өтініш берілгеннен кейін 15 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.


Лауазымдық міндеттері:
  • ІЖҚ бойынша негізгі құралдарды күрделі жөндеу бойынша есеп дайындайды, ғимараттарды, құрылыстар мен жабдықтарды ағымдағы, күрделі жөндеу өндірісіне құжаттама дайындайды, тораптар мен бөлшектерді, вагондарды жөндеуге технологиялық карталар әзірлейді, вагон шаруашылығын жайластыру схемаларына түзетулер енгізеді;
  • ГО және ЧС, терроризмге қарсы мәселелерді жүргізеді;
  • Өрт қауіпсіздігі нормалары мен талаптарын сақтау бойынша сұрақтар жүргізеді;
  • Кәсіпорынның қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы туралы есеп жасайды;
  • Рационализаторлық ұсыныстарды әзірлейді және қарайды, есептілік жүргізеді, АБЖ бағдарламасына енгізеді.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары.
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялар (вагондар, локомотивтер).
  • Жұмыс тәжірибесі: мамандық бойынша немесе белгілі бір лауазымда кемінде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)
  • Орыс тілі (Бастапқы)