Басшы хатшысы (аутсорсинг секторы)

«QazaqGaz барлау және өндіру» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
32

Қаралған саны:
1075

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • ұйым басшысының әкімшілік-басқару қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүзеге асырады;
  • басшының қарауына келіп түскен хат-хабарды қабылдайды, оны қабылданған шешімге сәйкес құрылымдық бөлімшелерге немесе нақты орындаушыларға жұмыс процесінде пайдалану не жауаптар дайындау үшін береді;
  • іс қағаздарын жүргізеді, шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде ақпаратты жинауға, өңдеуге және ұсынуға арналған компьютерлік техниканы қолдана отырып, әртүрлі операцияларды орындайды;
  • ұйым басшысының қол қоюына құжаттар мен жеке өтініштерді қабылдайды, басшының жұмысына қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды;
  • құрылымдық бөлімшелердің және нақты орындаушылардың орындауға келіп түскен құжаттарды уақтылы қарауын және ұсынуын қадағалайды, басшыға қол қоюға берілетін құжаттардың дайындалған жобаларының дұрыс ресімделуін тексереді, олардың сапалы редакциялануын қамтамасыз етеді;
  • басшының телефон арқылы сөйлесулерін жүргізуді ұйымдастырады, ол болмаған кезде алынған ақпаратты жазады және оның мазмұнын оның назарына жеткізеді, қабылдау-сөйлесу құрылғылары (телефакс, телекс), телефонограммалар бойынша ақпаратты береді және қабылдайды, байланыс арналары арқылы алынған ақпаратты оның назарына уақтылы жеткізеді;
  • Басшының тапсырмасы бойынша хаттар, сұрау салулар, басқа да құжаттар жасайды, хат авторларына жауаптар дайындайды;
  • басшы өткізетін отырыстар мен кеңестерді дайындау бойынша жұмысты орындайды( қажетті материалдарды жинау, қатысушыларды өткізу уақыты мен орны, күн тәртібі туралы хабардар ету, оларды тіркеу), отырыстар мен кеңестердің хаттамаларын жүргізеді және ресімдейді;
  • ұйым қызметкерлерінің шығарылған Бұйрықтар мен өкімдерді орындауына, сондай-ақ бақылауға алынған ұйым басшысының нұсқаулары мен тапсырмаларын орындау мерзімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
  • бақылау-тіркеу картотекасын жүргізеді;
  • басшының жұмыс орнын ұйымдастыру техникасының қажетті құралдарымен, кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз етеді, оның тиімді жұмыс істеуіне ықпал ететін жағдайлар жасайды;
  • басшының нұсқауы бойынша оның жұмысы үшін қажетті қызметтік материалдарды басып шығарады немесе ағымдағы ақпаратты деректер банкіне енгізеді;
  • қарым-қатынас этикасын сақтай отырып, келушілерді қабылдауды ұйымдастырады, қызметкерлердің өтініштері мен ұсыныстарын жедел қарауға жәрдемдеседі;
  • істерді бекітілген номенклатураға сәйкес қалыптастырады, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және белгіленген мерзімде мұрағатқа тапсырады; құжаттарды дербес көшіру аппаратында көшіреді.

Талаптар:

  • Техникалық/экономикалық/заңгерлік жоғары білім
  • Мамандығы бойынша еңбек өтілі 2 жылдан кем емес

Қажетті қабілеттер

  • - Коммуникативные навыки (организация совещаний, семинаров).
  • цифровые навыки
  • -Аналитическое мышление, умение быстро принимать решения, обучаемость, целеустремленность;