Жоспарлау және кесте құру жөніндегі жетекші инженер

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
40

Қаралған саны:
1265

   Конкурс туралы

Міндеттері:

• жобаға сәйкес жұмыстардың барысын қадағалау, ауытқулар бойынша талдауларды әзірлеу, күрделі мәселелерді атап көрсету және оларды жою бойынша шешімдер ұсыну;
• басшылыққа жоспарлау бойынша айлық және басқа да мерзімді есептерді әзірлеу;
• тиісті тараптармен әсерді азайту шараларын қолдану қажеттілігін бағалау үшін жұмыс барысының негізгі кезеңдеріне талдау жасау; тиісті процестер кезінде сапа мен жұмыс нәтижелілігіне қойылатын жоба талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
• барлық атқарушы мердігерлердің жоспарлау, кесте құру, жұмыс барысын бағалау және есеп беру жұмыстарының қадағалануына жетекшілік ету;
• жоба деңгейіндегі өндірістік алаңдағы жобаны бақылау жөніндегі топтарға жоспарлау жөніндегі деректердің таратылуын қамтамасыз ету;
• көп жылдық және жылдық жұмыс бағдарламасын әзірлеу процестеріне қатысу; департаменттегі тиісті топтармен қарым-қатынас құру, тиісті деректерді талдау және басшылыққа презентация материалдарын әзірлеу жұмыстарына қатысу;
• Primavera жүйесі мен басқа да жоспарлау құралдарына жауапты тұлға ретінде әрекет ету; жаңа құралдар мен кесте құру жұмыстарын жетілдіру үрдістері туралы ақыл-кеңес беру;
• жүргізілген операциялар, жұмыстар, үнем көлемі жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз ету арқылы жоспарлау жазбаларының дерекқорын жүргізу;
• жоспарлау әдістемелері мен процедураларын енгізу және жүргізу жұмыстарына қатысу;
• есеп беру, жұмыс нәтижелілігін қадағалау, бюджеті пен шығын көлемін бақылау, келісімшарттарды басқару, тәуекелдерді басқару және жоба шеңберіндегі басқа да бақылау жұмыстары бойынша сарапшылық көмек көрсету;
• мүдделі тараптармен әрекеттесу бастамаларын дамыту және орындау бойынша бөлім басшылығына көмек көрсету;
• сыртқы хат-хабарларға және басқа да сұраныстарға жауап әзірлеу;
• бөлім басшылығына әкімшілік мәселелер бойынша көмек көрсету; кіші қызметкерлерді өндіріс орнында 
машықтандыруға қатысты тағайындалған тапсырмаларды үйлестіру;

Талаптар:

•  жобалау, техникалық зерттеулер жүргізу, жобаны басқару, жобаның жүзеге асырылуын бақылау, жоспарлау, іскерлік әкімшілік және / немесе іспеттес салалар бойынша дипломы;
• жоба бойынша көрсетілетін қызметтер, жобаның жүзеге асырылуын бақылау, жобаны басқару, іскерлік әкімшілік саласында 6 немесе одан көп жыл жұмыс тәжірибесі;
• мұнай және газ саласындағы жетекші маман лауазымында кемінде 6 жыл тікелей немесе мердігер компаниялар арқылы істеген жұмыс тәжірибесі

Шарттар:

  • 5/2
  • Атырау қаласына  іс-сапар

Қажетті білім дәрежесі

  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Озат)