Келісімшарт жасау және сатып алу жөніндегі менеджер (жобалар)

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
51

Қаралған саны:
1335

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері: 

• келісімшарт тағайындау алды және келісімшарт тағайындалғаннан кейінгі кезеңдерде жаңа жобалар директораты топтарына келісімшарт жасау және сатып алу бойынша қызмет түрлерін көрсету барысында келісімшарт жасау және сатып алу бөлімінің тәжірибе деңгейі әртүрлі қызметкерлер тобына жетекшілік ету және оларды басқару; 

• жаңа жобалар директоратына қатысты келісімшарттар жиынтығы аясында «келісімшарттарда ДЕҚОҚ саласын басқару» стандартының қолданылуын басқару;

• тендерлік және келісімшарттық құжаттамада келісімшарттар мен сатып алу стратегиясының нарықтағы жағдайы негізінде және тәуекелдерді «НКОК Н.В.» компаниясы мен оның мердігерлері жәнежабдықтаушылары арасында тепе-тең бөлуге мүмкіндік беретін тәсілмен құру;

• келісімшартқа жауапты тұлғалармен бірге келісімшарт стратегияларын СКӨБК бойынша тиісінше бекіту кезеңдерінде, тендерлерге қатысты құжаттар мен келісімшарт ұсыныстарын тиісті келісімшарт кеңестеріне / өкілетті органның техникалық тобына тапсыру барысында көмек көрсету және келісімдердің уақтылы алынғандығын қамтамасыз ету;

•  Компанияның барынша жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізуі үшін тендер өткізу, 

тендерлік ұсыныстарды бағалау және мердігер таңдау процесін жүзеге асыруды басқару;

• тендерлік процестің, тендерлік ұсыныстар мен келісімшарт беру процестері жөніндегі ұсыныстарды бағалау мен нақтылаудың  Компанияның қызметтерін реттейтін процедураларына және «жалпы қызмет қағидаттары туралы ережесіне» сәйкес болуын қамтамасыз ету;

• келісімшарт талаптары мен ережелерінің Компания және ӨБК талаптарына және стандарттарына сәйкес талқылануын, талдануын және орындалуын қамтамасыз ету;

• СКӨБК және Компанияның сатып алу саясаттары мен процедураларына сәйкестікті қамтамасыз ету арқылы сатып алу процесі шеңберіндегі шығын көлемінің өтелетіндігіне көз жеткізу;

• келісімшарт жасау және сатып алу бойынша ресімделген құжаттардың сапасын бақылау және олардың келісімшарт жасау және сатып алу жөніндегі бекітілген процедураларға толық сәйкес болуын қамтамасыз ету;

• келісімшартқа жауапты тұлғаға мердігерге берілген барлық ірі келісімшарттар бойынша келісімшарттарды берілгеннен кейін басқарудың нақты жоспарларын әзірлеу арқылы көмек көрсету;

• өзгерістер енгізуге берілген барлық сұратулардың уақытында қаралуын және жағдайды ушықтырып алмау және талап арыздардың берілуіне жол бермеу үшін келісімшарттарға байланысты барлық мәселелердің шешілуін қамтамасыз ету;

Кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:

• ғылыми салада, инженерлік жобалау немесе менеджмент саласында бакалавр дәрежесі;

• коммерциялық салада жақсы дағдылары бар келісімшарт жасау және сатып алу жөніндегі тәжірибелі маман және мұнай және газ саласында сатып алу ісі бойынша кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесі;

• келісімшарт жасау және сатып алу саласына қатысты жоғары кәсіби дағдылары: коммерциялық / техникалық, оқыту, үйрету / тәлімгерлік ету / ықпал ету дағдылары және қарым-қатынас жүргізу / ақпарат ұсыну, топқа жетекшілік ету дағдылары;

• коммерциялық мәселелер бойынша келіссөздер жүргізу, мердігерлер жұмысын басқару және келісімшарттарды басқару бойынша тәжірибесі;

• мүдделі тараптардың қажеттіліктері мен жергілікті нарық жағдайларын ескере отырып, шалғай нысандарда және көп ұлтты ортада істеген жұмыс тәжірибесі;

• жобаның барлық кезеңдері немесе оның бір бөлігі бойынша жұмыс тәжірибесі (тұжырымдамалық жобалаудан бастап ақырғы қосу-реттеу және тапсыру кезеңдеріне дейін); ірі жобалардағы келісімшарт жасау және сатып алу жұмыстары бойынша тәжірибесінің болуы қатаң талап етіледі;

• құрылыс/игеру жұмыстары бойынша білімі.

Қажетті білім дәрежесі

  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Озат)