Ұңғыманы аяқтау жөніндегі инженер

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
25

Қаралған саны:
1161

   Конкурс туралы

Міндеттері:

• Компанияның саясаттары мен процедураларына сәйкес ұңғымаларды аяқтау / қосу-реттеу бағдарламаларын уақтылы және техникалық тұрғыдан тиісті түрде талдау, оларды әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыру және қажет болған бойда әзірлеу;
• жоғарыда көрсетілген көлемдер үшін қатысы бар Геологиялық барлау / кен орынды жобалау / геология / ұңғымаларды сынау / аяқтау / күрделі жөндеу мамандарымен байланысу;
• Қаламқас және Қашаған кен орнын кең ауқымды игеру жобалары топтарына төмендегі жұмыстарды атқару барысында қолдау көрсету:
− ұңғымаларды аяқтау және қосу-реттеу жұмыстары бойынша жасалған техникалық-экономикалық негіздемелерді бағалау; 
− жоба мақсаттары, мұнай кен орындарын пайдаланудың әлемдік оңтайлы тәжірибесі, компанияның және жергілікті нормативтік талаптарға сәйкес аяқтау және ұңғыма іші жұмыстарды инженерліктехникалық қамсыздандыру бағдарламалары бойынша бюджет пен кестелерді әзірлеу; техникалық құжаттаманы, соның ішінде өнімдер мен қызметтерге тендер жариялау үшін техникалық шарттарды дайындау
•  операцияларды аяқтау жөніндегі инженермен бірлесіп, шығарылған қорытындылардың жүйелі түрде қамтылуын, тіркелуін, ұңғыма операцияларының нәтижелілігін және қауіпсіздігін үнемі жақсарту үшін болашақ ұңғыма бағдарламаларына енгізілуін қамтамасыз етіп, күнделікті ұңғыма операцияларына қолдау көрсету;
• ұңғымаларды аяқтау және ұңғыма іші жұмыстары жөніндегі суперинтендантпен ұңғыманы аяқтау, ұңғыма іші жұмыстары мен ұңғыма ағымын қарқындату жұмыстарына қатысты барлық сұрақтар, соның ішінде мәлімет / дерек жинау және тексеру сұрақтары бойынша өзара әрекеттесу;

Талаптар:

• инженерлік жобалау / техникалық салада жоғары кәсіби (техникалық) білімі; 
• ұңғымаларды аяқтау / сынау / қосу-реттеу / жерасты / күрделі жөндеу операциялары бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі, соның ішінде кемінде 2 жыл өндіріс орнында жұмыс істеген тәжірибесі (теңіз кешенінде тәжірибесі болғаны лазым);
• экологиялық маңызы бар ортада ұңғыма операцияларын орындау және ұңғымаларды бұрғылау / күкірт сутегі бар резервуарларға арналған бұрғылау ерітінділерін сынау тәжірибесі;
• жоғары қысымды - жоғары температуралы (HP – HT) ұңғымалармен жұмыс істеу әдістері бойынша тәжірибесі;
• құмдақты және карбонатты қойнауқаттарда ұңғыманы аяқтау бойынша тәжірибесі. 

Шарттар:

  • 5/2

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Озат)