Теңіз кемелері жөніндегі инженер

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
13

Қаралған саны:
1017

   Конкурс туралы

Міндеттері:

• Компания иелігіндегі активтер жөніндегі мердігерлерінің барлық жоспарланған электр жүйелеріне техникалық күтім жасау жұмыстарын аяқтауын және тіркеуін қамтамасыз ету және Келісімшарт талаптарына сәйкес барлық қажетті есептер мен ТМҚ-ны КОМПАНИЯҒА беру;
• Компания нысандары мен оларға қатысты механикалық және электр жүйелерінің 
Мердігерлермен өндіруші және / немесе Компания талаптарына сәйкес сақталуын, 
пайдаланылуын және басқарылуын қамтамасыз ету;
• орнатылған электр құрылғылары мен жабдықтарының, кеме операцияларының және Компания иелігіндегі барлық теңіз нысандарын пайдалану әдістерінің барлық аспектілерімен таныс болу;
• Мердігерлердің кестелер мен электр жүйелеріне техникалық күтім жасау жұмыстарын (әсіресе қосалқы бөлшектерді түгендеу, шығыс материалдарымен қамтамасыз ету, заңмен белгіленген жыл сайынғы тексерістер және күрделі жөндеу талаптары) орындауын қамтамасыз ету арқылы бөлім жұмысына үлес қосу; 
• компания кемелерін құрғақ докқа қоюға қатысты техникалық шарттарды техникалық және электр жүйелері тұрғысынан тексеру және бекіту;
• электр жүйелері мен жабдықтарын пайдалану жағдайында сынауды жоспарлау және олар бойынша кесте құру жұмыстарының МЕРДІГЕРМЕН нәтижелі жүзеге асырылуын қадағалау;
• негізгі техникалық күтім жасау жұмыстарын қадағалау (қажет болғанда) және МЕРДІГЕРЛЕРДІҢ Компанияның теңіз нысандарына техникалық күтім жасауға қатысты талаптарын анық түсінуін қамтамасыз ету; 
• барлық пайдалану және техникалық күтім жасау жұмыстарын жоспарлау және жүзеге асыруда  Компанияның және заңмен белгіленген барлық қауіпсіздік талаптарының орындалуын қадағалау;
• пайдалану және техникалық күтім жасау жұмыстарына тарттырылған тиісті МЕРДІГЕРДІҢ персоналынан пікірлер алынуын қадағалау;
• Компанияның теңіз нысандарына техникалық күтім жасаудың техникалық аспектілеріне қатысты барлық қажетті есептер мен құжаттарды жинақтау, толтыру және ұсыну;
• МЕРДІГЕРЛЕРГЕ қажетіне қарай техникалық көмек көрсету;
• келісімшарт жасасу процесін (келісімшартты беру алдындағы кезең, орындау және аяқтау) нақты түсінуді қамтамасыз ету және келісімшартқа жауапты тұлғаға тендерлік құжаттамаға және мердігердің жұмысына байланысты нәтижелерді беру;

Талаптар:

• теңіз кемелерін жобалау бойынша біліктілік сертификаты (STCW95);
• теңіз операциялары саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;
• дизель және электр жетекті технологиялық желілер бойынша терең білімі мен түсінігі;
• теңізде пайдаланылатын электр және электронды жабдықтардың ақаулықтарын анықтау, техникалық күтім жасау және жөндеу бойынша іс жүзіндегі тәжірибесі;
• техникалық есептер мен жұмыс көлемдерін әзірлеу қабілеті;
• жоспарлы техникалық қызмет көрсету бойынша рәсімдерді енгізуді қадағалау қабілеті;
• тікелей менеджердің қадағалауымен келісімшарттардың орындалуын бақылау қабілеті

Шарттар:

  • 5/2

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Озат)