Сатып алулар және қазақстандық қамту бөлімшесінің меңгерушісі
«ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС Астана қ.«ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС-гi Сатып алулар және қазақстандық қамту бөлімшесінің меңгерушісін талап етеді
Білімі: жоғары экономикалық/техникалық/құқықтық білім
Кәсіби саладағы мамандығы бойынша жұмыс өтілі: ең кемінде 4 жыл
Мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибесі: ең кемінде 3 жыл
Басшылық қызметтегі жұмыс тәжірибесі: талап етілмейді
Ұйымның тиісті бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі: ірі мұнай-газ жобаларының (Қарашығанақ, ТШО, Қашаған) Операторларының сатып алулар саласындағы тәжірибесі артықшылық деп саналады.
Еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті білім:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасы және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ сатып алулар мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілері;
2) «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің негіздері;
3) еңбекті ұйымдастыру және басқару саласында;
4) өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында;
5) сапа менеджменті, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кешенді жүйесі саласында;
6) мемлекеттік тілді білу (ауызша және жазбаша);
7) тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында;
8) Upper Intermediate деңгейінен төмен емес ағылшын тілін (ауызша және жазбаша) білу.
Еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті дағдылар:
1) заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүйелеу, есепке алу және құжаттау дағдылары;
2) ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, деректер қорын ұйымдастыру және жүргізу дағдылары;
3) ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау дағдылары;
4) Басқарманың қызметін жоспарлау және бақылау, оның Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерімен, мемлекеттік органдармен және басқа да сыртқы ұйымдармен өзара іс-қимылын үйлестіру дағдылары;
5) келіссөздер жүргізу, еңбекті ұйымдастыру және басқару дағдылары.
Лауазым бойынша функционалдық міндеттер:
1) Бөлімшенің жұмысын және Серіктестіктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен ағымдағы өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
2) Өзінің тікелей басшысының/Бас директордың құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасарының қызметтік тапсырмаларын орындау;
3) Жоспарланған кезеңге арналған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алулар бойынша Серіктестік жоспарының уақтылы құрылуына және бекітілуіне, сатып алулар жоспарына өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуіне және оның орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
4) Сатып алулар және қазақстандық қамту бөлімшесінің жұмысын ұйымдастыруды және үйлестіруді, Серіктестіктің тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алу процесін бақылауды жүзеге асыру;
5) Қажет болған жағдайда Karachaganak Petroleum Operating B.V.-мен, мердігер компаниялармен Karachaganak Petroleum Operating B.V.-ның сатып алуларына қатысты мәселелер бойынша келіссөздерге қатысу және жұмыс істеу;
6) Серіктестік үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды реттейтін нормативтік құжаттаманы әзірлеуді ұйымдастыру;
7) «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ айқындаған талаптарға сәйкес ашық конкурс және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуларды өткізу және қорытындылары туралы хабарландыруларды әзірлеу, бекіту және орналастыруды ұйымдастыруды бақылауды қамтамасыз ету;
8) Қажет болған жағдайда Қарашығанақ жобасын басқару жөніндегі бірлескен комитеттің тендерлік саудасы туралы Ережеге, 1998 жылғы 17 қыркүйектегі Бірлескен қызмет туралы келісімге, өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімге, 1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының мердігерлік учаскесі және басқа да жобалық құжаттарға сәйкес Қарашығанақ жобасы бойынша комитеттер мен кіші комитеттерге қатысу;
9) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС және Серіктестік басшылығынан сатып алулар және қазақстандық қамту мәселелері бойынша өз құзыреті мен өкілеттігі шегінде ағымдағы бұйрықтардың, нұсқаулар мен тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, мемлекеттік органдардан, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-нан сұрауларға жауаптарды дайындау және ақпараты беруді жүзеге асыру;
10) Тәуекел факторын иесі қадағалайтын процестерді іске асырумен байланысты тәуекел факторларын дұрыс басқаруды қамтамасыз ету.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)
- Қазақ тілі (Озат)