Омбудсмен

«Самрук-Қазына» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
148

Қаралған саны:
3964

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Жүгінген жұмыскерлерге, еңбек дауларына, дау-жанжалдарға қатысушыларға кеңес беру және қажет болған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтауды, оның ішінде құпиялылықты сақтауды ескере отырып, өзара қолайлы, сындарлы және іске асырылатын шешімді әзірлеуге жәрдемдесу;
  •  Қор және ұйымдар қызметкерлерінің проблемалық әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуге, сондай-ақ Қор және ұйымдар қызметкерлерінің іскерлік әдеп қағидаттарын сақтауына жәрдем көрсету;
  • Жанжалдарды (дауларды) реттеу бойынша дауға, жанжалға немесе проблемалық жағдайға қатысатын адамдар үшін ұсынымдар әзірлеу;
  • Қордың және ұйымдардың лауазымды адамдарына жүйелі, құқықтық және ұйымдастырушылық сипаттағы жанжалдарды (дауларды) шешу және болдырмау бойынша, сондай-ақ іскерлік этика қағидаттарын сақтау мәселелері бойынша консультация беру;
  • Қордың және / немесе ұйымдардың тиісті органдары мен лауазымды адамдарының қарауына жүйелі сипаттағы және олардың тиісті шешімдер (кешенді шаралар) қабылдауын талап ететін өздері анықтаған проблемалық мәселелерді енгізу, оларды шешу үшін сындарлы ұсыныстар ұсыну;
  • Өз құзыреті шеңберінде Қордың ішкі нормативтік құжаттарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
  • Ұсынымдық сипаттағы өзге де шараларды қабылдау, оның ішінде
    бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіруге бағытталған.

Талаптар:

  • Жоғары кәсіптік білім, құқық/іскерлік әкімшілендіру/мемлекеттік басқару саласында абзалы;
  • Жұмыс тәжірибесі кемінде 10 (он) жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде 3 (үш) жыл, ірі холдингтік немесе өндірістік компанияда абзалы;
  • Қазақ, орыс және абзалы шет тілдерін еркін меңгеру.