Материалдық-техникалық жабдықтау және логистика қызметінің менеджері

"Полимер Продакшн" ЖШС Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
50

Қаралған саны:
1915

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • тиісті қаржы жылына арналған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарын жасауға қатысу;
  • тәртіпке сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу рәсімін ұйымдастыру;
  • тендерлік құжаттаманы әзірлеуге қатысу;
  • шарттарды дайындауды, келісуді, жасасуды қамтамасыз ету;
  • сатып алу жоспарының орындалуын мониторингтеу;
  • шарттардың мониторингі, ТЖҚ жеткізушілерінің шарттардың орындалуын қамтамасыз етуді, ХС бойынша ақпаратты, жасалған шарттың талаптары бойынша жұмыстарды орындау/қызметтер көрсету кестелерін және басқа да құжаттарды уақтылы ұсынуы бөлігінде шарттар талаптарының сақталуын бақылау;
  • шарттарда көзделген мерзімдерге сәйкес материалдық ресурстарды қабылдауды ұйымдастыру, олардың санын, сапасын және жиынтықтылығын бақылау;
  • шарттық міндеттемелерді бұзған кезде жеткізушілерге наразылықтарды дайындауға қатысу, осы наразылықтар бойынша есептеулердің жасалуын бақылау;
  • қойма қорларын ескере отырып, Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінің тауарлық-материалдық қорларды пайдалануын мониторингілеу.
Білуге тиіс:

"Самұрық-Қазына " Ұлттық әл-ауқат қоры" Акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен "Самұрық – Қазына"АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың сатып алуын жүзеге асыру тәртібі" және "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" Акционерлік қоғамының сатып алу мәселелері, Менеджмент, Маркетинг және экономика негіздері, баға әдістері, баға стратегиясы және тактикасы.

Талаптар:

  • жоғары кәсіптік білім (экономикалық, техникалық);

  • өндірістік компанияда/холдингте сатып алу/логистика/жөнелту/тауарлы-материалдық қорларды басқару саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі (мүмкіндігінше мұнай-химия өнеркәсібінде );
  • "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ " АҚ электрондық сатып алу порталында жұмыс істеу дағдылары (міндетті түрде).

Шарттар:

  • 5/2