Менеджер (еңбекті қорғау бойынша)
Samruk Business Academy Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
Талаптар:
- Ұйымның бөлімшелерінде және тапсырыс беруші компанияларда еңбекті қорғау бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің сақталуын, қызметкерлерге еңбек жағдайына сәйкес белгіленген жеңілдіктер мен өтемақылардың берілуін бақылауды жүзеге асырады.
- Тексерулерге, өндірістегі кәсіптік аурулар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу, еңбек жағдайын жақсарту және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерде көзделген талаптарға келтіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады, сондай-ақ әзірленген шараларды іске асыруға ұйымдастырушылық көмек көрсетеді.
- Қызметкерлер міндетті медициналық тексеруден өтуі тиіс кәсіптер мен лауазымдардың тізбелерін, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың негізінде қызметкерлерге өтемақылар мен жеңілдіктер берілетін, ауыр, зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайы бар кәсіптер мен лауазымдардың тізбелерін жасауда әдістемелік көмек көрсетеді;
- Барлық жаңадан қабылданған, іссапарға жіберілген, өндірістік оқуға немесе тәжірибеге келген оқушылармен және студенттермен еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқамаларын өткізеді.
- Арнайы киімді, арнайы аяқкиімді және басқа да жеке қорғану құралдарын сақтауды, беруді, жууды, химиялық тазалауды, кептіруді, шаңсыздандыруды, майсыздандыруды және жөндеуді, қауіпсіздік құралдары мен қорғаныс құралдарының жай-күйін, сондай-ақ еңбекті қорғау шараларын жүзеге асыруға бөлінген қаражаттың дұрыс пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.
- Белгіленген нысандар бойынша және тиісті мерзімде еңбекті қорғау бойынша есептерді жасайды.
- Тапсырыс беруші кәсіпорындардың бөлімшелерінде қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария бойынша тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді және анықталған сәйкессіздіктерді жоюды қамтамасыз етеді.
- Бөлімшелерде және тапсырыс беруші компанияларда аутстаффинг үшін персоналмен қамтамасыз ету шеңберінде тәуекелдерді бағалауды ұйымдастырады және жүргізеді және түзету шараларының орындалуын қамтамасыз етеді.
Талаптар:
- Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілерін, еңбекті қорғау мәселелері бойынша әдістемелік материалдарды;
- негізгі технологиялық процестер мен өндіріс режимдерін; жұмыс орнындағы еңбек жағдайларын зерттеу әдістерін; еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды; еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесін; жұмыстың ауырлық санатына негізделген қызметкерлерге қойылатын психофизиологиялық талаптарды, жеңіл жұмысқа ауыстырылған жұмыскерлердің жекелеген санаттарының еңбегін пайдалануына шектеулерді; жабдықтың техникалық жай-күйiнiң қауiпсiз жұмысты қамтамасыз ету талаптарына сәйкестiгiн бақылау ережелерi мен құралдарын; жазатайым оқиғаларды және қызметкерлердің денсаулығына келтірілген басқа да зиянды тергеп-тексеру тәртібін;
- уәкілетті мемлекеттік органдарға есептерді қалыптастыру негіздерін, еңбекті қорғау іс-шараларының орындалуы туралы есептерді құрастыру тәртібі мен мерзімдерін білу;
- менеджмент негіздерін және сапа менеджменті жүйесін білу;
- персоналды басқару саласындағы заманауи тенденцияларды, еңбекті қорғау саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибені білу;
- еңбекті қорғау бойынша үгіт-насихат пен ақпараттың әдістері мен нысандарын,
- әдеп негіздерін, іскерлік қарым-қатынас ережелерін білу (ауызша және жазбаша қарым-қатынас, іскерлік хаттар жазу, келіссөздер жүргізу);
- топта және өз бетінше жұмыс істей білу: сыпайы мінезді қарым-қатынас, адамдармен тіл табыса білу;
- басқаларды үйретуге дайындық мен қабілет; басқа қызметкерлердің әлеуетін бағалау және дамыту, барабар кері байланыс беру, мәселелерді шешуде қызметкерлерге қолдау көрсету және көмек көрсету қабілеті; әріптестермен ақпарат алмасуға дайын болу;
- Штат
Қажетті қабілеттер
- MS Office
- Деловая коммуникация
- Пользователь ПК
- Умение работать в команде
- Грамотная речь
- Ответственный
- охрана труда
Ұқсас вакансиялар
«Еңбекті қорғау» департаментінің Бас менеджері (көлік қауіпсіздігі)
«Самұрық - Энерго» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
01.11.2024 | 1267
«Еңбекті қорғау» департаментінің Бас менеджері (денсаулық қорғау бойынша)
«Самұрық - Энерго» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
01.11.2024 | 1311
"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "көпфункционалды қызмет көрсету орталығы"филиалының Қарағанды мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің инспекторы
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» | Еңбекпен толық қамтылу
| Қарағанды қ.
22.11.2024 | 1044
от 206210