АТ стратегиясы және енгізу жөніндегі бас менеджер
«Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- АТ стратегиясы мен архитектурасын басқару, Қордың компаниялар тобына цифрлық жобаларды қолданысқа енгізу.
Қойылатын талаптар:
- Жоғары білім: техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару/ есептеу техникасы және бағдарламалық қамтылым/ақпараттық технологиялар/ жүйелер/математикалық және компьютерлік модельдеу/аралас мамандықтар), жаратылыстану ғылымдары (математика/информатика/аралас мамандықтар).
- Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімі: цифрлық және ақпараттық технологиялар саласындағы ғылыми дәрежесі және/немесе магистр және/немесе MBA дәрежесі болғаны дұрыс.
- Мүмкіндігінше
IPMA / PMI / Prince2 жобаларын басқару бойынша;
TOGAF/ITIL/СOBIT ақпараттық технологиялар саласында сертификаттаудың болуы.
- Кәсіби салада кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы. Банк саласы ұйымдарында, халықаралық ұйымдарда, Қор тобы ұйымдарында жұмыс тәжірибесінің болғаны жақсы.
Қажетті білімі мен дағдылары:
- «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
- АТ саласын реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері (лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін, сондай-ақ лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер).
- Мүмкіндігінше ағылшын тілін білу.
- Жобаларды басқару, жобалардың нәтижелерін бақылау және мониторингілеу дағдылары;
- Командада жұмыс істеу дағдылары, серіктестік қарым-қатынастарды дамыту, көпшілік алдында сөз сөйлеу, таныстырылымдар жасау дағдылары;
- Ішкі және сыртқы (ауызша, жазбаша, көрнекі) қарым-қатынастың және тиімді тұлғааралық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі, келіссөздер жүргізу дағдылары;
- Мәселелерді талдай білу, оларды шешу жолдарын тиімді іздеу қабілеті;
- Ұйымдастырушылық қабілеттер, басшылық тәжірибесі, аналитикалық қабілеттер;
- ISO, ITIL, COBIT сәйкес АТ басқару процестерінің оңтайландырылған модельдерін әзірлеу.
Құзыреттілікке қойылатын талаптар:
- Нәтижеге бағдарлану
- Жауапкершілік
- Командада жұмыс істеу
- Коммуникация дағдылары
- Өзгерістерді басқару
Ұқсас вакансиялар
Цифрлық даму департаменті ақпараттық технологияларды дамыту және сәулет басқармасының ақпараттық технологиялар жобаларын іске асыруды бақылау секторының жетекші маманы (аутстаффинг)
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
12.12.2025 | 326
Бас маман (Бизнес қолдау департаменті)
«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
12.12.2025 | 637