«ХИМ-плюс» ЖШС-нің маркетинг және сату бойынша бас менеджері(Нұр-Сұлтан қаласындағы акционердің басты офисі орналасқан Корпоративтік орталығында іс-сапарда болу мүмкіндігімен)

«ХИМ-плюс» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
70

Қаралған саны:
2039

   Конкурс туралы

Талаптар:
Жұмыс тәжірибесі: тиісті қызмет саласындағы жалпы жұмыс өтілі 4 жылдан кем емес болуы қажет.

 Білімі: жоғары кәсіби (маркетинг/менеджмент/экономикалық/техникалық).
 Білімдер, дағдылар:
- Нарықтық экономика, кәсіпкерлік және бизнесті жүргізу; нарық конъюнктурасы, баға белгілеу, салық салу тәртібі, маркетинг негіздері; жарнамалық науқандарды жүргізу нысандары мен әдістері; келісімдердің, шарттардың, келісімшарттардың бизнес-жоспарлары мен коммерциялық шарттарын әзірлеу тәртібі; іскерлік қарым-қатынас этикасы;
- Мемлекеттік және орыс тілдерін білу;
- Ағылшын тілін білу құпталады (базалық)

Міндеттері:

1) әзірлеуді әдістемелік қамтамасыз ету, келісулерді қамтамасыз ету және өткізу болжамдарын бекітуге ұсыну;
2) Серіктестіктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп маркетинг жоспарын дайындауды ұйымдастыру;
3) маркетинг жоспарының нақты іс-шараларын талдау және әлсіз жерлерді анықтау, қажет болған жағдайда оларды пысықтауға қайтару;
4) Бюджеттік регламентке сәйкес және белгіленген мерзімде іске асыру бойынша бюджет шығыстарын әзірлеу және келісу;
5) маркетинг жоспары мен іске асыру бойынша шығыстар бюджетінің нақты атқарылуы туралы есептер жасау, құрылымдық бөлімшелердің нақты және жоспарланатын нәтижелерінің алшақтығы факторларын талдау, Серіктестік басшылығы үшін ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
6) маркетингтік іс-шараларды жоспарлау бойынша құжаттаманы жүргізу;
7) маркетингтік зерттеулер жүргізу үшін қызметтік іссапарларға шығу;
8) табысты және сенімді фирма ретінде Серіктестік имиджін құру;
9) Серіктестіктің тауарларды, шикізатты жеткізушілермен шарттар және өнімді өткізуге шарттар жасасуы жөніндегі жұмысқа қатысу;
10) Серіктестіктің дайын өнімін өткізу бойынша болжам жасайды, сондай-ақ оларды қызмет пен серіктестіктің басшылығына қарауға және бекітуге ұсынуға қатысады;

Құзыреттер:
* Ұқыптылық;
* Жауапкершілік;
* Ұйымшылдық;
* Бақылау қабілеті;
* Көп тапсырма режимінде жұмыс істей білу;
* Назар аудара білу;
* Стресске төзімділік;
* Бейімділік



Қажетті қабілеттер

  • 2) Опыт проведения маркетинговых мероприятий и их исследование,
  • Знание маркетинга цен и экономики
  • Маркетинговая стратегия
  • Знание методов и инструментов маркетинга
  • - Маркетинговый анализ товаров, работ и услуг закупаемых компанией

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташа)
  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)
  • Китайский (Бастапқы)