Техникалық қауіпсіздік жөніндегі жетекші инженер

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
21

Қаралған саны:
1153

   Конкурс туралы

Кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:

• жоғары техникалық немесе инженерлік жобалау саласында білімі - техникалық біліктілігін растайтын дипломды инженер, кәсіби инженерлік-техникалық немесе ұқсас мекемесінің мүшесі болуы тиіс;

• мұнай және газ өндірісінде түрлі салалар бойынша инженерлік жобалауға қатысты кемінде 6-8 жыл жұмыс тәжірибесі; сала жетекшісі ретінде жұмыс тәжірибесі;

• кемінде 3 жыл техникалық қауіпсіздік жөніндегі аға инженер қызметінде жұмыс тәжірибесі;

• тұжырымдама таңдау, негіздік жобалау, жұмыстық жоба кезеңдерінде немесе өндірістік операцияларды сүйемелдеу, жобалау немесе өндіру салаларында қызмет атқару бойынша жобада кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі; 

• кәсіби инженерлік - техникалық мекемесінің мүшесі болуы тиіс

Лауазымдық міндеттері:

• өртке қарсы активті және пассивті жүйелердің, өрт пен газды анықтау жүйелерінің жобалық шешімдерін және қорғау құралдарына қойылатын талаптарды талдау жұмысын басқару және нәтижелерін бекіту;

• қауіпті аймақтардың жоспарлары, өрт пен газды анықтау жүйелерінің сызбалары, алаңдардағы қорғау құралдарының жоспары сияқты қауіпсіздік жөніндегі жобалық-техникалық құжаттаманы дайындау және әзірлеу кезінде қолданылуы тиіс стандарттарды анықтау;

• қауіпті аймақтардың жоспарлары, өрт пен газды анықтау жүйелерінің сызбалары, алаңдардағы қорғау құралдарының жоспары сияқты қауіпсіздік жөніндегі жобалық-техникалық құжаттаманы Компанияда бекіту;

• қатердің себеп-салдарын талдауды, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің айрықша маңызды элементтерін және жұмыс көрсеткіші стандарттарын әзірлеу;

• ҚР аумағында ДЕҚОҚ бойынша рұқсаттар алу үшін қажет процестер мен құжаттарды әзірлеу барысында қолдау көрсету;

• жоба инженерлерімен орындалатын жобалау және іске асыру жұмыстары кезінде әсерді төмендету шараларының қажеттілігін анықтау;

• өзгерістерді басқару / жобалау / инженерлік-техникалық құжаттамасы құрамындағы техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтау құжаттамасын әзірлеу / бекіту;

• Техникалық қолдау көрсету бөлімі бастығының немесе өндірістік операцияларының қауіпсіздігін және бүтіндігін қамтамасыз ету жөніндегі менеджерінің атынан тапсырмаларды орындау;

• тағайындалған жұмыс саласын игеру үшін қажетті тексерулер, бақылаулар және зерттеулерді жетелеу (мысалы Қауіпті факторларды анықтау, Қауіп-қатер көздерін және пайдалануға жарамдылықты талдау, қатердің себеп-салдарын талдау және т.б.).

Қажетті білім дәрежесі

  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Озат)