«Қазпошта» АҚ «Инфрақұрылымды басқару дирекциясы» филиалы Инфрақұрылымға қызмет көрсету және техникалық қызмет көрсету бөлімінің бас менеджер

"Казпочта" АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
21

Қаралған саны:
811

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1. Жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеуге, жұмыс істеп тұрған объектілерді қайта құруға және өндіріс тиімділігін арттыру жұмыстарына қаржылық-сметалық құжаттама жасайды;
    2. Қоғамдағы жаңа құрылыстың барлық кезеңдеріне жетекшілік етеді;
    3. Құрылыс-монтаждау және жөндеу жұмыстарын сатып алуды ұйымдастыруға қатысады;
    4. ЖІЖ (жобалау-іздестіру жұмыстарын) қабылдау кезінде эскиздік жобаның және жұмыс жобасының толықтығын бақылайды;
    5. Күрделі жөндеуге бекітілген атаулы жоспарларды (титулдық тізімдерді), ақаулар ведомостерін, жөндеу ведомостерін, қайта құруға және жөндеуге жататын объектілердің жұмыс сызбаларын қарайды және талдайды;
    6. Бағалар немесе жұмыс көлемдерi өзгерген жағдайда қаржылық-сметалық есептеулерге тиiстi түсiндiрулер мен түзетулер енгiзедi;
    7. Бекітілген сметаларда көзделмеген жөндеу, монтаждау және құрылыс жұмыстарының құнын анықтауға, сондай-ақ материалдар мен жабдықтарды ауыстыруға қатысады.
    8. Жөнделетін және қайта құрылатын объектілер бойынша атаулы жоспарлар (титулдық тізімдер) дайындауға қатысады.
    9. Мердігер ұйымдармен сметаларды келіседі және олардың шығыстар сметасына енгізілген орындалған жұмыс көлемі бойынша нормативтерді сақтауын бақылайды;
    10. Жөндеу-құрылыс жұмыстарының құнын төмендету іс-шараларын әзірлеуге қатысады;

Талаптар:

  • Құрылыс және/немесе инженерлік-техникалық және/немесе сәулет, және/немесе заңтану, және/немесе экономика және/немесе қаржы бейіні бойынша жоғары білім.

    «Қазпошта» АҚ-да кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі болған жағдайда бейіні бойынша талаптар қойылмайды және жоғары білімі болуы қажет.
  • Әкімшілік-шаруашылық қызмет және/немесе инфрақұрылымды басқару саласында және/немесе күрделі құрылыс саласында және/немесе экология саласында және/немесе «Қазпошта» АҚ-да кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі.

Шарттар:

  • 5 күндік жұмыс аптасы, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліспен 13.00-ден 14.30-ға дейін.