GR және сыртқы байланыстар департаментінің бас менеджер

"Казпочта" АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
25

Қаралған саны:
762

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1) Дүниежүзілік пошта одағына (бұдан әрі-ДПО) мүше елдермен және олардың тағайындалған операторларымен, халықаралық пошта ұйымдарымен, сондай – ақ PostEurop қауымдастығымен, байланыс саласындағы өңірлік достастықпен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
    2) халықаралық пошта байланысы саласындағы екі және көпжақты халықаралық ынтымақтастықты белгіленген тәртіппен ұйымдастыру;
    3) халықаралық пошта ұйымдары және шетелдік пошта әкімшіліктері өткізетін іс-шараларға Қоғамның қатысуын қамтамасыз;
    4) халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша шетелдік пошта әкімшіліктерімен, халықаралық пошта ұйымдарының өкілдерімен іскерлік хат алмасуды жүргізу, кездесулер, келіссөздер ұйымдастыру;
    5) тиісті құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп, Қазақстанда халықаралық пошта ұйымдары өткізетін іс-шараларды ұйымдастыру;
    6) Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен филиалдары халықаралық пошта ұйымдарының, шетелдік пошта әкімшіліктерінің және халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша басқа да ұйымдардың атына жіберетін хаттардың жобаларын қарау және келісу;
    7) шетелдік пошта әкімшіліктерімен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
    8) шетелдік пошта әкімшіліктерінің халықаралық пошта байланысы саласындағы ынтымақтастық туралы ұсыныстарын қарау;
    9) ДПО-дан, БАД-дан және PostEurop-тан және шетелдік пошта операторларынан келіп түсетін шоттарды қабылдауды, өңдеуді және талдауды қамтамасыз ету, оларды одан әрі ЖҚКО-ға жіберу;
    10) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен және шет елдердегі мекемелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
    11) халықаралық іс-шараларға қатысу үшін қызметтік іссапарларға ұсынылатын мамандардың кандидатуралары бойынша Қоғам басшылығына ұсыныстар дайындау;
    12) халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша ақпаратты жинақтау және мемлекеттік органдарға, жалғыз акционерге ұсыну;
    13) құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп, халықаралық іс-шараларға қатысуға басшылық үшін материалдар дайындау;
    14) Қоғамның халықаралық пошта ұйымдары органдарының жұмысына қатысуы шеңберінде құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп ақпараттық, статистикалық және басқа да материалдарды дайындау;
    15) ДПО-дан түсетін хат-хабарларды, шетелдік пошта әкімшіліктерін және ДПО-ға мүше елдердің тағайындалған операторларын талдау және Қоғамның құрылымдық бөлімшелері арасында бөлу;
    16) Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің ДПО-ның, шетелдік пошта әкімшіліктерінің өтініштеріне, сауалнамаларына және басқа да сұрау салуларына жауаптарды уақтылы дайындауын мониторингілеу және қамтамасыз ету;
    17) Қоғам басшылығының халықаралық іс-шараларға (оның ішінде халықаралық сапарларға, кездесулерге, келіссөздерге) қатысу кестесін қалыптастыру;
    18) шетелдік делегацияларды қабылдауды ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және үйлестіру;
    19) ҚР Сыртқы істер министрлігімен консулдық мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
    20) Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерімен департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша іскерлік байланыстарды қолдау;
    21) департамент құзыреті шегінде Қоғамның Басқарма төрағасы мен департамент қызметкерлерінің шет елдердегі іс-сапарларының жоспары мен бюджетін қалыптастыру;
    22) жоспарланып отырған халықаралық іс-шаралар туралы ақпаратты дайындау және Қоғамның басшылығы мен мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне ұсыну;
    23) халықаралық пошта ұйымдары ұйымдастыратын пошта саласы мәселелері жөніндегі іс-шараларға қатысу үшін Қоғам қызметкерлерінің халықаралық іссапарларының жоспарын жасау;
    24) Қоғам басшылығының халықаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру;
    25) халықаралық іс-шараларға қатысу үшін қызметтік іссапарларға ұсынылатын мамандардың кандидатуралары бойынша Қоғам басшылығына ұсыныстар дайындау;
    26) шетелдік іс-шараларға қатысатын Қоғам қызметкерлеріне ақпараттық және консультациялық қолдау көрсету

Талаптар:

  • Құқықтану және/немесе экономика және/немесе менеджмент және/немесе халықаралық қатынастар және/немесе маркетинг және/немесе жұртшылықпен байланыс және/немесе журналистика бейіні бойынша жоғары білім.

  • Халықаралық қатынастар саласында және/немесе мемлекеттік органдармен және/немесе ұлттық компаниялармен және/немесе «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес ұйымдарымен өзара іс-қимыл саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

    Шетелдік білімі болған жағдайда халықаралық/шетелдік компанияларда кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесіне жол беріледі.

Шарттар:

  • 5 күндік жұмыс аптасы, сағат 9.00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін