Жобалық компанияларының қаржы директоры

Самұрық-Қазына Инвест Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
41

Қаралған саны:
2069

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Компанияның қаржы ағындарын басқару;
  • Шығыстарды бақылау және ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
  • Кірістерді бақылау және компанияны қаржымен қамтамасыз ету;
  • Салықтық жоспарлау;
  • Компанияның қаржылық саясатын қалыптастыру және стратегиялық жоспарлау;
  • Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  • Ықтимал қаржылық тәуекелдерді талдау және азайту;
  • Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Компания қызметінің жүргізілуін бақылау;

Талаптар:

Білімге қойылатын талаптар:
- бейінді салаларда жоғары білімінің болуы: экономика/қаржы / бухгалтерлік есеп / салықтық есеп / және / немесе аудит;

- жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларының (магистр дәрежесі / МВА немесе басқа жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар) немесе экономика/қаржы/салық есебі/Бухгалтерлік есеп және/немесе аудит саласындағы кәсіби сертификаттарының болуы;

- мынадай кәсіби сертификаттардың/дипломның/куәліктердің болғаны дұрыс: IPMA (D деңгей және жоғары) әлде  PMI (PMP «Professional»/PgMP)/Prosci/Prince2 «Practitioner» немесе корпоративтік басқару/орнықты даму саласында (IoD/ICSA/GRI/IFC/ ACCA/CFA/ және т.б.).

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:

- қаржы, бухгалтерлік және салық есебі – бейінді салаларда 10 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі;

- жобалау компаниясы қызметінің ауқымы бойынша салыстырылатын бейін бойынша басқару жұмысының кемінде 5 жыл тәжірибесі.

Білімдер, дағдылар:

- инвестициялық қызметті регламенттейтін Қазақстан Республикасының және инвестицияланатын ұйымның резиденттік мемлекетінің (егер инвестицияланатын ұйым Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда) заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

- бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, салық салу, банк қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

- қаржылық есептіліктің халықаралық және ұлттық стандарттары;

- бизнес-процесті қысқа, орта, ұзақ мерзімді жоспарлауды ұйымдастыру;

- қаржылық модельдеу және талдау әдістері;

- корпоративтік басқару негіздері;

- жобалық менеджмент негіздері;

- қазақ, орыс тілдерін жетік меңгерген. Ағылшын тілін "Intermediate"деңгейінен төмен емес деңгейде білу құпталады;

- келіссөздер жүргізу (сендіру қабілеті, өзара пайда табуға бағдарлау) және қарым-қатынас дағдылары (компаниялардың жоғары буынының басшыларымен қарым-қатынас, консенсусқа қол жеткізу, белсенді диалог жүргізу);

-  көпшілік алдында сөз сөйлеу;

-  M&A мәмілелерді сүйемелдеу.

Шарттары:

  • Хабарландыру жарияланған сәттен бастап 5 күнтізбелік күн ішінде кандидаттардың өтінімдері/түйіндемелері қабылданады және кандидатқа оның біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы кері байланыс ұсынылады. Сәйкес келген жағдайда, үміткермен тікелей басшысымен, жетекшілік ететін басшысымен және HR басшысымен онлайн әңгімелесу өткізіледі, оның нәтижелері бойынша үміткер кәсіби білімді тестілеуге шақырылады және ол өткен жағдайда онлайн алқалық әңгімелесуге шақырылады.
  • Серіктестік кандидаттардың конкурсқа қатысуына байланысты шығыстарын өтемейді. Үміткерлер конкурсқа қатысу шығындарын (тестілеу өтетін жерге немесе әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
  • Кәсіби білімді бағалау тестілері бойынша шекті мән сұрақтардың жалпы санынан дұрыс жауаптардың саны кемінде 70% - ын құрауы тиіс. Тестілеуден өту кезінде шекті деңгейден төмен емес баға алған кандидаттар әңгімелесуге жіберіледі.