МІНДЕТТЕР:
- Пайдаланушыларға ақпараттық технологиялар саласында қолдау көрсету.
- Жабдық пен бағдарламалық қамтамасыздандырудың (БҚ) үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.
- Қолданбалы БҚ орнату және баптау.
- Пайдаланушылармен қашықтықтан жұмыс жүргізу.
- Компьютерлік техника ақаулықтарын диагностикалау және жою.
- АТ инфрақұрылымының компьютерлік жабдық паркін толықтай жұмыс күйінде ұстау.
- Шығыс материалдары мен компьютерлік құрауыштар журналын жүргізу.
- Дербес компьютерлермен (бұдан әрі – ДК), телефониямен, желімен және жолаушыларды электронды тіркеу жүйесімен байланысты АТ жобаларына қатысу.
- Жұмыс станциялары мен серверлерде үшінші тұлғалардың жұмыс істеуіне жол бермеу.
- Барлық жұмыс станцияларында мерзімді түрде бақылау тексерулерін жүзеге асыру және вирусқа қарсы қорғау құралдарының дұрыс жұмыс істеуін сынақтамадан өткізу.
ТАЛАПТАР:
- Ақпараттық технологиялар саласындағы техникалық білімі.
- Мамандығы бойынша 1 жылға дейінгі алдыңғы жұмыс тәжірибесі.
- Орыс және ағылшын (орташа деңгей) тілдерін білуі.
- Операциялық жүйелер және желілік орта бойынша базалық білімі.
- Майкрософт өнімдері.
- Компьютерлік техника бойынша техникалық білімі.