Бухгалтерлік есепті аналитикалық қамтамасыз ету бөлімі Менеджері

"Казпочта" АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
22

Қаралған саны:
1067

   Конкурс туралы

Міндеттері:

    1. «Colvir» және SAP ERP КАЖ-ға бухгалтерлік және салық есебі бойынша автоматтандырылған процестерді енгізуді техникалық қамтамасыз ету
      2. «Colvir» және SAP ERP КАЖ-да контрагенттердің (Іскерлік серіктестердің) карталарын жасау, өзгерту және жою
      3. SAP ERP-де әкімшілік-шаруашылық қызмет пен «Colvir» КАЖ-да операциондық қызмет бойынша барлық шарттарды түркеу және өзгертулер енгізу
    4. «Colvir» және SAP ERP КАЖ-да облыстық және мамандандырылған филиалдардан ARTA Synergy арқылы келген қателерді жою
    5. SAP ERP жүйесінде іскерлік серіктестердің карталарын және «Colvir»  КАЖ-да қызметкерлердің рұқсаттарын түгендеу
    6. SAP ERP бағдарламасында материалдар мен қызметтер бойынша негізгі жазбаны жасау, өзгерту, жою
    7. «Colvir» КАЖ-да IBAN шоттарын ашу және өзгертулер енгізу
    8. «Colvir» КАЖ-да филиалдар бөлімшесінің кассаларындағы тауарлық-материалдық құндылықтар мен қолма-қол ақшаның қалдықтарын түзетуді жүзеге асыру.
    9. «Colvir» КАЖ «ӘШҚ» модулінде шарттарда талдамалық қалдықтарды түзету
    10. Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінен және филиалдарынан келіп түскен хат-хабарларды қарау және келіп түскен сауалдарға жауаптар дайындау
    11. Қоғам басшылығының, «ЖҚКО» филиалы директорының тапсырмаларын орындау

Талаптар:

  • Бухгалтерлік есеп және аудит,және/немесе қаржы және/немесе экономика бейіні бойынша жоғары білім, бұл ретте ерекше жағдайларда техникалық ғылымдар және / немесе ақпараттық технологиялар саласында рұқсат етіледі.
  • Бухгалтерлік есеп және/немесе экономика және/немесе қаржы және/немесе аудит, және/немесе салықтық есепке алу және/немесе ақпараттық технологиялар және/немесе процестерді автоматтандыру саласында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі

Шарттар:

  • Бес күндік жұмыс аптасы, 09:00 сағаттан 18:30 сағатқа дейін, түскі үзіліс 13:00 сағаттан 14:30 сағатқа дейін