Сыйақы басқармасының менеджері

"Казпочта" АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
10

Қаралған саны:
622

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • - Қоғамның ІНҚ белгіленген тәртіпте алдағы жылға арналған ӨҚКШ шығыстарының жобаларына сараптама жүргізу, сәйкессіздіктер анықталған жағдайда пысықтауға қайтару;

    - Өтеулі қызмет көрсету шарттарын жасаудың мақсатқа сай болуына, бюджетте қаражаттың бар-жоғына, бекітілген қызметтер тізбесіне сәйкес келуіне сараптама жасау және келісу;

    - Қоғамның қатысы бар құрылымдық бөлімшелерімен, тиісті бизнес-иелерімен келісілген ӨҚКШ қорытындысы бойынша филиалдардың ұсыныстарын қарау;

    - SAP HCM жүйесінде ӨҚКШ бойынша барлық ақпарат түрлерінің дұрыс толтырылуын бақылау;

    - Құрылымдық бөлімше жабылған және/немесе қайта аталған жағдайда ӨҚКШ (шығындардың пайда болу орны, құрылымы) тексеру және түзету;

    - SAP HCM жүйесінде ӨҚКШ уақтылы бұзылуына ай сайын мониторинг жасау;

    - Documentolog және SAP HCM жүйелерінде ӨҚКШ жасау және бұзу бойынша филиалдардың қызметкерлеріне әдістемелік, түсіндірме және практикалық көмек көрсету;

    - Жыл бойы ӨҚКШ санының өзгеруіне мониторинг жүргізу (филиалдар бөлінісінде, қызмет түрлері бойынша, сомалар және т. б.), саны мен шығыстары бойынша жиынтық ақпарат дайындау;

    - Documentolog және SAP HCM жүйелерінде ӨҚКШ сүйемелдеу мәселелері бойынша филиалдармен өзара іс-қимыл жасасу, үйлестіру және әдістемелік басшылық ету;

    - Филиалдар бөлінісінде шығындар баптары бойынша ӨҚКШ -ға арналған шығыстар бюджетін қалыптастыруға, түзетуге қатысу;

    - Жеткізілген жоспарға қатысты шығындар баптары бойынша филиалдар бөлінісінде бюджеттің ӨҚКШ-ға жұмсалуына талдау жүргізу және есептілік дайындау;

    - ӨҚКШ жасау мүмкін болатын қызметтердің бекітілген тізбесін өзектендіру және өзгерістер енгізу;

    - Филиалдардың ӨҚКШ бюджеттің негізсіз артық жұмсалуына апта сайын мониторинг жасау;

    - ӨҚКШ жасасу, бұзу процестерін автоматтандыруға қатысу;

    - Бекітілген тізбеге сәйкес көрсетілген қызметтер көлемінің өзгеруі негізінде Қоғам филиалдарының ӨҚКШ-ға қажеттілігін бағалау;

    - Төлем түрі мен бюджеттік сыныптама кодының дұрыс көрсетілуіне жасалған ӨҚКШ сәйкес алынған қызметтер бойынша бастапқы құжаттармен төлем тізілімдерін бақылау және келісу;

    - атқарылған жұмыстар туралы ай, тоқсан, жыл бойынша есептер дайындау.

Талаптар:

  • Жоғары білім.

    Мүмкіндігінше HR және/немесе өтемақы мен жеңілдіктер саласында сертификаттаудың және/немесе «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің «HR академиясы» сертификатының болуы
  • HR және/немесе экономикалық талдау және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит және/немесе еңбекті нормалау саласындағы жалпы еңбек өтілі кемінде 1 жыл.

    Шетелдік білім немесе HR саласында бейінді білім болған жағдайда жоғарыда көрсетілген бағыттарда кемінде 6 ай жұмыс тәжірибесінің болуы.

Шарттар:

  • 5 күндік жұмыс аптасы, 8 сағаттық жұмыс күні