Брокерлік бөлім Менеджері

"Казпочта" АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
10

Қаралған саны:
724

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1) Мүмкін жақсартулар, оңтайландыру, бағдарламалық қамтымды және жаңа АТ шешімдері мәселелері бойынша брокерлік қызметке қажетті бағдарламалық қамтымды әзірлеушілермен өзара әрекеттесу; 2) Брокерлік операцияларды (операцияларды жүзеге асыру үшін бастапқы құжаттарды қабылдау, тексеру) сүйемелдеу бөлігінде филиалдармен қарым-қатынас жасау; 3) Жүргізілетін брокерлік қызметтің құпиялылық талаптарын сақтау;4) Клиенттердің бағалы қағаздарын есепке алу үшін шоттарды ашу, өзгерту және жабу, клиенттердің жеке шоттары бойынша ақпараттық операцияларды жүргізу; 5) Номиналды ұстау шеңберінде клиенттердің қаржы құралдарына есеп жүргізу; 6) Номиналды ұстау шеңберінде клиенттердің қаражатын есепке алу; 7) Есептерді, хабарламаларды және басқа да ақпараттық құжаттарды дайындау және клиенттерге жіберу; 8) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және Қоғамның ішкі құжат айналымына сәйкес электрондық түрде де, қағаз жеткізгіште де клиенттік құжаттаманы қалыптастыруды, есепке алуды және сақтауды қамтамасыз ету; 9) Клиенттердің есебінен және мүдделері үшін ұйымдастырылған нарықта клиенттердің бағалы қағаздарымен операцияларды жүзеге асыру; 10) Клиенттердің есебінен және мүдделері үшін ұйымдастырылмаған нарықта клиенттердің бағалы қағаздарымен операцияларды жүзеге асыру; 11) Клиенттердің қаражаттарымен операцияларды жүзеге асыру; 12) Орындауға қабылданған құжаттарды тексеру; 13) Бас компанияның бастамасымен жасалған ірі мәмілелердің заңдылығы туралы құқықтық қорытынды алу; 14) Бухгалтерлік есепке жауапты бөлімшеге баланстан тыс шоттардағы клиенттердің активтерін синтетикалық есепке алуды жүзеге асыру үшін клиенттердің ақша қаражаттары мен бағалы қағаздарының қозғалысы туралы ақпаратты күнделікті ұсыну;5) Ішкі есепке алу жүйесінде клиенттердің жеке шоттарында қамтылған мәліметтердің қателер мен бұрмалануын болдырмауға тиісті бақылауды жүзеге асыру; 16) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының лицензиаттары үшiн заңда белгiленген бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi реттейтiн уәкiлеттi органға есептерді, мәліметтерді, ақпаратты дайындауға және ұсынуға қатысу және уәкiлеттi органдардың клиенттерге брокерлік қызмет көрсету жөнiндегi сұрау салуларына заңнамада белгiленген мерзiмдерде жауап беру; 17) «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ға есептерді, сұралатын мәліметтерді және ақпаратты дайындау және ұсыну;18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі есепке алу жүйесінің журналдарын жүргізу; 19) Қосарлы бақылауды сақтауды ескере отырып, барлық брокерлік операцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге қатысу; 20) Клиенттер бойынша номиналды ұстауды есепке алу жүйесін жүргізу (соның ішінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыртпалық салу/алып тастау, бұғаттау/бұғатты ашу, ұйымдастырылмаған нарықта сатып алу-сату, қаржы құралдарын жою, айырбастау, номиналды ұстауды есепке алу жүйені құрайтын электрондық деректердің сақтық көшірмесін жасау және сақтау жөніндегі операцияларды және т.б.қоса алғанда); 21) Қажетті есептілікті ұсынуды және ішкі есепке алу жүйесінен алынған деректерді бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың деректерімен сәйкестендіруді қоса алғанда, функционалды  іске асыру шеңберінде бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылармен және басқа контрагенттермен өзара іс-қимыл жасау; 22) Қоғамның қолданыстағы ішкі нормативтік құжаттарын уақтылы жаңартуға қатысу, сондай-ақ қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес брокерлік операцияларды есепке алуды реттейтін жаңа ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуге және бекітуге қатысу; 23) Бөлім туралы ережеге және Қоғам басшылығының тапсырмаларына сәйкес функционалдық міндеттері шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру; 24) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат қағидаттарының, сондай-ақ алаяқтық пен ұрлықтың алдын алуға және ашуға бағытталған шаралардың сақталуын қамтамасыз ету.

Талаптар:

  • Экономика және/немесе

    қаржы және/немесе банк ісі және/немесе заң бейіні бойынша жоғары білім

  • Экономика және/немесе қаржы және/немесе банк қызметі  және/немесе аудит саласында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі. Заңнаманы, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ брокерлік қызметті және жалпы бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру тәртібін регламенттейтін «Қазақстан қор биржасы» АҚ, «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ және Қоғамның  ішкі нормативтік құжаттарын білу керек.

Шарттар:

  • 5 күндік жұмыс аптасы, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін