«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалының Достық станциясының (ДС Достық) есепшісі (1-санат) – «Алматы филиалы» МКҚК (НОД-7)

208182 - 218196 KZT
Станция Достык (ДС Достык) Достық а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
16

Қаралған саны:
1114

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:

  • Есеп айырысу аралық кезеңде шегерімдер мен есептеулердің барлық түрлерін (демалыста болған уақытқа, қызметкерлер жұмыстан босатылған кезде және басқа жағдайларда), жол жүру ақысын есептеуді, еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақыны есептеуді жүргізеді.
  • Шегерімдердің барлық түрлері бойынша жұмысшылармен және қызметкерлермен есеп айырысулардың есебін бақылау және тиісті ведомостар мен схемаларды тексеру.
  • Жалақы ведомостарын тексеру және есептеу, соңында оларды қолмен куәландыру, қажет болған жағдайда «түзетілгенін тексеру» белгісімен расталған және қол қоюмен расталған жалақы ведомостарына түзетулер енгізу.
  • Жұмысшылармен және қызметкерлермен есеп айырысулардың уақытылы және дұрыс жүргізілуін еңбек ақы қорына енгізілген және қосылмаған барлық төлемдер бойынша қамтамасыз етеді.

Біліктілік талаптары:

  • Жоғарғы білім
  • Мамандығы: Бухгалтерлік есеп және аудит, қаржы
  • Жұмыс тәжірибесі: кемінде 2 жыл жұмыс өтілі

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Орыс тілі (Бастапқы)