Қызылорда облыстық филиалының директоры

"Казпочта" АҚ Қызылорда қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
13

Қаралған саны:
1045

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Филиалдың тұрақты қаржы жағдайын қамтамасыз ету;
    Жоспарлы көрсеткіштерді орындау; Жеке және заңды тұлғаларға пошта байланысы қызметтерін, қаржы, пошта және агенттік қызметтерді, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес өзге де қызметтерді көрсетуден түсетін

    кірістер мен пайданы ұлғайту;

     Еңбек өнімділігін, филиал қызметінің тиімділігін және өтімділігін,
    қызмет көрсету сапасын арттыру;
    Филиалға жалпы басшылық жасау және берілген құқықтар шегінде
    филиал қызметіне қатысты өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық мәселелерді шешу; 

    Филиал қаражатының сақталуын қамтамасыз ету,
    айналымсыз активтерді, көлік құралдарын,
    еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын тиімді  пайдалану;
    Бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін, филиалдың дебиторлық берешегінің есепке алынуын ұйымдастыруды бақылау,

    дебиторлық берешектің өсуіне жол бермеу және төмендету бойынша шаралар қабылдау;

    Құндылықтар мен ақша қаражатын сақтау және
    операциялар жасау жөніндегі бекітілген қағидалардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету;
    Филиалдың тиісті құрылымдық бөлімшелерінің қозғалыс пен қалдықтарды, сеніп тапсырылған
    материалдық құндылықтарды белгіленген тәртіпте есепке алуы және тауар-ақша қаражатының есептерін тапсыруын

    қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау жасау;
    Өзіне сеніп тапсырылған құндылықтар мен ақша қаражатының сақталуын қамтамасыз етуге қауіп төндіретін барлық жағдайлар туралы Қоғам басшылығына
    уақтылы және толық көлемде хабарлау;
    Пошта жөнелтілімдерін ұрлау, жымқыру, тонау, қарақшылық жасау, жоғалту және салымдарын ауыстыру, алаяқтық және сыбайлас жемқорлық
    көріністерінің алдын алуға және жол бермеуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және бақылау жасау;
    Пошта байланысының өндірістік объектілері жұмыстарының,  ішкі және халықаралық пошта жөнелтімдерін қабылдау, өңдеу, тасымалдау, жеткізу процестерінің ұйымдастырылуына бақылау жасау;
    Филиал қызметкерлерінің еңбек және
    өндірістік тәртіпті сақтауын қамтамасыз ету.

Талаптар:

  • Жоғары білім

    («Қазпошта» АҚ қызметінің саласына сәйкес келетін және/немесе болжамды жетекшілік ететін салада). Мүмкіндігінше  «Іскерлік әкімшілендіру  магистрі» дәрежесінің немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімінің болуы.

  • Мамандығы бойынша және/немесе экономикалық қызмет түріндегі ұйымның бейініне сәйкес келетін салада кемінде 5 жыл, оның ішінде «Қазпошта» АҚ-дағы басшылық лауазымда кемінде 3 жыл немесе төмен тұрған лауазымдарда кемінде 4 жыл жұмыс тәжірибесі.

    Шетелдік білімі болған жағдайда («Қазпошта» АҚ қызметінің саласына сәйкес келетін және/немесе болжамды жетекшілік ететін салада) басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы құпталады.

Шарттар:

  • аптасына 5 күн, 8 сағат күніне, үзіліс сағат 13-00 ден - 14-00 дейін