«ҚТЖ» ҰК АҚ филиалының Үштөбі сигнализациясы және байланыс дистанциясы өндірістік-техникалық бөлімінің 1 санатты инженері – Алматы магистральдық желі филиалы

224165 - 237488 KZT
Уштобинская дистанция сигнализации и связи Алматы облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
989

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарының жеке және заңды тұлғаларға темiр жол көлiгiнiң қажеттерi үшiн жер учаскелерiмен шектесетін жер учаскелерiн беруiне келiсiм беру мәселесi бойынша өтiнiштердi қарау. Материалдарды жинауды, ресімдеуді және белгіленген мерзімде ЦЖСтехке жеткізуді ұйымдастыру.
  • Темір жол кірме жолдарын қосуға техникалық шарттарды беруді және жобалық құжаттаманы бекітуді, салынған объектілерді пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру.
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржол жолдарының инженерлік желілермен, жолдармен және басқа құрылымдармен қиылысында учаскені таңдауды, жобалық құжаттаманы келісу және жұмыстарды орындауды ұйымдастыру.
  • Автокөлік жабдықтары, ССПС, қазандықтар және т.б. үшін отын-энергетикалық ресурстарды тұтынудың есептеулерін қамтамасыз ету. мемлекеттік сатып алу жоспарын құру.
  • Отын-энергетикалық ресурстарды сатып алу жоспарына сәйкес деректерді Sap жүйесіне енгізу. No5 өтінімді қалыптастыру алдын ала баға сараптамасы, No6 өтінім Бюджет. Жоспарды айлар бойынша бөлу және енгізу.
  • Ұйымдастыру, бақылау, ай сайынғы, тоқсандық және жылдық талдауды дайындау, отын-энергетикалық ресурстар бойынша есептерді қабылдау, келісу және ұсыну, оның ішінде статистикалық есептілікті ұсыну.
  • ҚМГ-ның жанар-жағармай карталары бойынша жеке шотын жүргізу, жанар-жағармай алуға тапсырыстарға сәйкес шоттарды толтыру, клиенттің жиынтық есебін қалыптастыру. Құрылымдық бөлімшелердің жанар-жағармай қоймаларынан сусымалы жанар-жағармай материалдарын қабылдауын бақылау. Көрсетілген қызметтер үшін бастапқы құжаттарды жинау және РҚО-ға беру.
  • SAP жүйесінде негізгі құралдардың техникалық сипаттамаларын толтыру.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі : жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы : Автоматтандыру және басқару; Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, Автоматтандыру, темір жол көлігіндегі телемеханика және байланыс, Радиобайланыс және хабар тарату, Ақпараттық технологиялар, Компьютерлік технологиялар, Көп арналы телекоммуникациялар; Байланыс желілері және байланыс жүйелері; Стандарттау, метрология және сертификаттау;
  • Жұмыс тәжірибесі : кемінде 1 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)