Айналмалы жабдықтар жөніндегі топ жетекшісі

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
10

Қаралған саны:
2066

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

  • «НКОК Н.В.» компаниясы қондырғыларының техникалық тұтастығын олардың қызмет мерзімі ішінде қамтамасыз ету; Бұған айналмалы жабдықтар үшін төмендегі салалар бойынша Техникалық қадағалаушы 2 (ТҚ 2) жауапкершілігін атқару да жатады:

- компрессорлар;

- сорғылар;

- газ турбиналары;

- бу турбиналары;

- қозғалтқыштар.

  • қауіп-қатер көздерін және пайдалануға жарамдылықты талдау, жүйенің тұтастық деңгейін анықтау, тәуекелдерді бағалау және өзге де қауіпсіздік саласындағы тексеру шараларына инженерлік-техникалық жұмыстар бөлімі атынан үлес қосу;
  • өз саласы бойынша технологиялық процестің қауіпсіздігіне қатысты күрделі оқиғаларды тергеу шараларына қатысу және жетекшілік ету;
  • технологиялық процестің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұйым ішінде технологиялық процестің қауіпсіздігіне қатысты оқиғалар бойынша тәжірибесімен бөлісу;
  • кей жағдайда толық емес ақпаратты қолдана отырып, күрделі мәселелер үшін жаңашыл шешімдер ұсыну;
  • жұмыс нәтижелілігін және жобаларға тиімді қолдау көрсетуді арттыру мақсатында жаңа идеялар ұсынуға және мүмкіндіктер анықтауға атсалысу;
  • жабдықтардың жұмысын жетілдіруге арналған мүмкіндіктерді анықтау, талдау және қолданылуын қамтамасыз ету;
  • өз саласы бойынша ақаулықтарды анықтау, диагностика жасау және тергеулер жүргізу, сондай-ақ түзету немесе алдын алу жоспарларын әзірлеу;
  • техникалық күтім жасау бөліміне техникалық күтім жасауға арналған шығындарды тиімді бақылай отырып, жоспарлы жөндеу жұмыстары, тексерулер мен түзеткіш техникалық күтім жасау секілді техникалық күтім жасау жұмыстарының сапасын тексеріп, олардың келісілген жұмыстарды басқару жоспарлары бойынша әлемдік стандарттарға сай орындалуын қамтамасыз етуге қолдау көрсету;
  • ҚР нормативтік талаптарына және компанияның стандарттарына сәйкес айналмалы жабдықтарға техникалық күтім жасау жөніндегі стратегиялар мен процедураларды әзірлеу;
  • техникалық күтім жасау бағдарламаларын, оның ішінде нысандардың тұтастығын, қауіпсіздігін және пайдалану сенімділігін, пайдалануға барынша дайын болуын қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларды дайындау және енгізу;
  • компания қондырғыларының сенімді жұмыс істеуі үшін қажетті қосалқы бөлшектерді анықтау, сондай-ақ осы материалдарға жалпы өтінімдерді толтыру;
  • түзеткіш техникалық күтім жасау жұмыстарының жылдық шығынын азайту үшін өндірістік мәселелерді қарау, істен шығуға дейінгі орташа жұмыс уақыты мен жөндеудің орташа ұзақтығын экономикалық тиімді тәсілмен жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу;

Кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:

  • инженерлік жобалау саласында бакалавр дәрежесіндегі білімі, инженерлік жобалау, техникалық күтім жасау  және/немесе пайдалану саласында 8-12 жыл жұмыс тәжірибесі;

  • төмендегі салалардың кез келгені бойынша елеулі өндірістік тәжірибесі:

  • механикалық жабдықтарды жеткізушілер немесе мердігерлер;

  • технологиялық сала;

  • мұнай және газ нысандары;

  • өңдеу нысандары;

  • химия және мұнай-химия қондырғылары;

  • халықаралық техникалық стандарттарды, озық әдістер мен жүйелерді жақсы білу;

  • жоғары қысым және күкіртсутегінің жоғары мөлшері бар ортада қолданылатын қондырғылар жөнінде білімі;

  • технологияны, белгіленген мақсатқа сәйкес шешімдер қабылдауды және экономикалық тиімділікті қамтамасыз ете отырып жобалау жұмыстарын жетілдіру тәжірибесі;

  • шағын топты басқару, персоналдың біліктілігін арттыру, оқыту, тәлімгерлік ету және үйрету бойынша жұмыс тәжірибесі.

Жұмысқа қажетті білімі мен дағдылары:

  • бастамашыл және ынталы, тәжірибелі техникалық жетекші;

  • тәжірибесі аз тікелей жалданған қазақстандық қызметкерлерге тәлімгерлік ете білу;

  • тиісті түрде анықталған мақсатқа жету үшін шағын топтарды басқара білу;

  • шектеулі бақылаумен жұмыс жасай білу және өзгелерді ынталандыру арқылы үлес қосу;

  • инженерлік жобалау процестері мен стандарттарын жүйелі қолдану мақсатында қызметтегі мамандармен тез қарым-қатынас жасау қабілеті;

  • тұлғааралық қарым-қатынас орнату және байланыс жасау қабілеті;

  • жігерлі, жұмысқа қабілетті, шешім қабылдау және әр түрлі адамдармен қарым-қатынас жасау қабілеті;

  • ДЕҚҚОҚ саласына қатысты міндеттемесін жүзеге асыруға белсенді болу;

  • ағылшын тілін жетік білу;

  • ағылшын тілінде техникалық құжаттарды әзірлеу және зерделеу қа

Қажетті қабілеттер

  • Техническая эксплуатация,техническая поддержка.Ремонтные работы.Техническое обслуживание
  • Инструменты оценки риска:HAZID, HAZOP, SIL, QRA, ISO 45001
  • Знание специфики работы механизмов различной сложности
  • Способность решать проблемы и предотвращать критические ситуации
  • Охрана труда и техника безопасности
  • Грамотно планировать

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Кәсіби)
  • Қазақ тілі (Озат)

Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет

  • Қауіпсіздік техникасы