қауіпсіздік қызметінің бастығы

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Екібастұз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
639

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Кәсіпорынның жауапты тұлғаларымен бірлесіп күзетке тапсырылатын нысанды тексеріп-қарау және күзетке тапсыруға жататын нысанның мүлкін тексеру актілеріне немесе тізімдеріне қол қою.
  • Кәсіпорын қызметкерлерінің және нысан аумағындағы үшінші тұлғалардың жағдайлары мен заңсыз әрекеттерін зерттеуді ұйымдастыру.
  • Мәліметтерді жария ету, құжаттардың жоғалуы, тауарлық-материалдық құндылықтар және кәсіпорын қауіпсіздігінің басқа да бұзушылықтары фактілері бойынша қызметтік тергеп-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу.
  • Кәсіпорынның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды (нұсқаулықтар, ережелер, қағидалар) бекіту мақсатында ұсыныстар әзірлеу немесе енгізу, негізгі құжаттарды әзірлеуге қатысу.
  • Кәсіпорынның қауіпсіздігін қорғау бойынша құқықтық, ұйымдастырушылық және инженерлік-техникалық іс-шараларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.
  • Режимнің бұзылуын есепке алу және талдау.
  • Бөлімшеде энергоменеджменті жүйесінің жұмысын ұйымдастыру, энерготұтынуға талдау жүргізу, кәсіпорынның мақсаттарын ескере отырып, бөлімшеде энерготұтынуды азайту жөніндегі мақсаттарды белгілеу, мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және орындау, энергия тиімділігін жүзеге асыру.

9)Террористік акт немесе басқа да қылмыстық әрекеттер жасау мақсатында стратегиялық объектінің аумағына бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу жөніндегі қауіпсіздік қызметінің жұмысын бақылау.

10) Экономикалық қауіпсіздікті, кәсіпорынның меншігін қорғауды қамтамасыз ету.

11) Стратегиялық нысанның жалпы жағдайын бақылау, кәсіпорынның бас директорына нысандағы жағдайдың өзгеруі туралы уақтылы хабарлау.

12)  Кәсіпорынның коммерциялық және ақпараттық құпияларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру.

13)   Кәсіпорын үшін күзет қызметтерін ұсынуды бақылауды жүзеге асыру.

14) Нысанды күзету жөніндегі қызметтік міндеттерді орындау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау.

Талаптар:

Білімі жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) заңгерлік, ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы жоғары білім. құқық қорғау , қызмет бейініне сәйкес арнаулы мемлекеттік органдарда кәсіптік саладағы практикалық жұмыс өтілі кемінде 4 жыл. Кадр резервінде тұрған жұмыскерлерді не Серіктестікте кемінде 2 жыл жұмыс істеген жұмыскерлерді (орынбасарлыққа ішкі кандидаттарды) қоспағанда, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызмет бейініне сәйкес басшы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл.

Шарттар:

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр