МТҚҚ-нің жетекші маманы

«ОТХК» БК» ЖШС Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
403

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

1) Серіктестіктің тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді (бұдан әрі – ТЖКҚ) сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуге қатысу: а)нарықтың жағдаятын бақылау және тұрақты мониторингі; б) «Ақдала» және «Оңтүстік Ынғай» кеніштерімен тізбе және бағалар бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жылдық өтінімдерді тексеру/түзету және ЖЭБ-мен келісу. 2) Серіктестікті тауарлармен, жұмыстармен және қызметтермен қамтамасыз ету: а)тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға өтінімдерді уақтылы бастамалау; б) сатып алынатын ТЖКҚ тізбесін Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерімен «Ақдала» және «Оңтүстік Ынғай" кеніштерімен келісу; в) кеніштер қоймаларындағы тауарлар қалдықтарына тұрақты мониторинг жүргізу, сатып алуға өтінімдерді ресімдеу кезінде қоймалардағы ұқсас тауарлардың қалдықтарымен салыстырып тексеру жүргізу, қоймалардағы тауарларды сатып алуға арналған өтінімге қоспау; г) өндірістік жоспарлар негізінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізу кестелерін әзірлеу. 3) ТЖКҚ-ны сатып алуға шарттар жасасу: а) тауарларды жеткізу бойынша шарттардың жобаларын дайындау, жеткізушілермен жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге арналған шарттардың жобаларын дайындауға қатысу, келістіреді және Серіктестіктің басшылығына бекітуге ұсынады; б)хаттамаларды ресімдей отырып, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға өткізілген ашық конкурстардың жеңімпаздарымен шарттар жасасу үшін құжаттарды уақтылы салыстырып тексеруді жүргізу; в) өткізілген сатып алу қорытындылары бойынша хаттамалармен белгіленген мерзімде ТЖКҚ жеткізуге шарттар жасасу; г) түпнұсқаны Серіктестіктің оны сақтауға жауапты бөлімшелеріне бере отырып, шарттарды уақтылы тіркеуді жүргізу; 4) ТЖКҚ-ны сатып алуға арналған шарттардың орындалуын бақылау: а) жеткізушілердің тауарларды жеткізудің белгіленген кестелерін (мерзімдерін), сапасы мен жинақтылығын, сондай-ақ жұмыстардың орындалуын және қызметтер көрсетуді сақтауын бақылау. б) барлық қажетті құжаттарды тіркей отырып, әрбір жеткізуші мен позициялар бойынша жеке-жеке тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізу тізілімін жүргізу; в) тауарларды сатып алуға өтінімді қалыптастыру кезінде кеніштер қоймаларында осы тауарлардың болуын/болмауын ескеру; г) бөлімшелерден тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету туралы ақпаратты сұрату; д) жасалған шарттардың талаптары мен міндеттемелерінің орындалуын тұрақты бақылау; е) серіктестіктің өндірістік қызметіне әсер ететін тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау мерзімдерінің бұзылуы туралы САҚ бастығына уақтылы хабарлау. 5) «Ақдала» және «Оңтүстік Инкай» кеніштерінің қоймаларында ТЖКҚ болуы мен қозғалысын бақылау: а) тауарларды сандық және сапалық қабылдаудың, оларды қоймаға жинаудың дұрыстығын, серіктестіктің бөлімшелеріне берудің уақтылығын бақылау; б) тауарлардың, белгіленбеген және пайдаланылмайтын жабдықтардың нормативтен тыс қорларын анықтау бойынша жұмыс жүргізу, оны өткізу жөнінде ұсыныстар енгізу; в) электрондық түрде тауарлар қозғалысының жедел есебін жүргізу. 6) Ақпараттық алмасу:Серіктестікке қатысушылардың және/немесе уәкілетті органдардың сұрау салуларына есептік деректерді дайындау және ұсыну. 7) Сатып алу қызметінің жұмысын ұйымдастыруға қатысу: а) материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, оларды сатып алуға, жеткізуге және сақтауға байланысты шығындарды азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және енгізуге қатысу; б) оларды сатып алу мүмкіндігін анықтау мақсатында нарық жағдайатын, өнім ассортиментін, нарыққа жаңа тауарлардың түсуін қадағалау; в) өз құзыреті шегінде Серіктестік басшылығы мен САҚ бастығының нұсқауларын, өкімдері мен тапсырмаларын орындау; г) еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және экологиялық стандарттар мен нормативтерді сақтау; Серіктестіктің сапа менеджменті жүйесінің ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес әрекет ету. 8) Еңбек тәртібі ережелерін сақтау: а) Серіктестікте белгіленген еңбекті қорғау, өрт, радиациялық және өндірістік қауіпсіздік пен өндіріс мәдениеті жөніндегі ережелер мен нормалардың талаптарын, сондай-ақ еңбек тәртіптемесінің қағидаларын сақтауға; б) құпиялылық режимінің, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпиялардың сақталу талаптарын, өткізу режимінің талаптарын орындау. в)жұмыс орнында энергия ресурстарын ұтымды, үнемді пайдалануды, энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды бақылау; г) бөлімше бастығының нұсқауы бойынша лауазымдық нұсқаулықта көзделмеген, бірақ оның құзыретіне кіретін өзге де жұмыстарды орындау; д) өз жұмысын орындау кезінде Сапа менеджменті жүйесінің ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес әрекет ету.

Білім:

Жоғары экономикалық, заңгерлік және/немесе техникалық білімі

Дағдылар:

1) Серіктестіктің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу, соның ішінде, бірақ олармен шектелмейді: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық, Еңбек, Салық, Қылмыстық кодекстерін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекстері, Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы", "Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы", "Рұқсаттар және хабарламалар туралы", "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасының уәкілетті органының шешімімен бекітілген жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу Қағидаларын, Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу Қағидаларын, Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері, емдік-профилактикалық тьағам, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету Қағидаларын, Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының шешімімен бекітілген "Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық Қағидаларын; 2) Серіктестіктің Саясаты мен Мақсаттарын білу; 3) Серіктестіктің менеджмент жүйесінің құжаттарын; 4) материалдық-техникалық және қойма шаруашылығын ұйымдастыру; 5) «ОТХК» БК» ЖШС шарттарды әзірлеу, келісу, қол қою және орындалуын бақылау регламентін; 6) материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі стандарттар мен техникалық шарттарды; 7) тұтынылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің номенклатурасын/жіктеуішін

Қосымша:

Логистикада тәжірибе болуы

Білетін тілдер:

Мемлекеттік және орыс тілдері