Өңірлік даму Департаментінің менеджері

Акционерлік қоғамы "Samruk- Kazyna Construction" Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
79

Қаралған саны:
1537

   Конкурс туралы

Білім профилі:

  • Жоғары техникалық білім (белгілі бір бағдар аясында – экономикалық). 

Жұмыс тәжірибесі:

  • Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда мамандығы бойынша жұмыс өтілі (ЖОО-да оқу уақытын есепке алмағанда) 2 (екі) жылдан кем емес;
  • Құрылыстағы тәжірибе басым болып табылады.

Білімі мен дағдылары:

  • Жобалық, сметалық, өзге де техникалық құжаттамамен жұмыс істей білу;
  • Графикалық редакторлармен, мамандандырылған компьютерлік бағдарламалармен және жабдықтармен жұмыс істей білу;
  • Өндірістік процестердің кезеңдерін болжай білу;
  • Жобаларды іске асыру шеңберінде бекітілген ұйымдардың жұмысын ұйымдастыра білу;
  • Атқарылған жұмыстың қорытындылары бойынша есептілік жасай білу;
  • Берілген өкілеттіктер шеңберінде қолданыстағы нормативтер мен өзге де заңнамалық актілерді қолдану бойынша дағдылар.

Сапа, құзыреттілік:

  • Жауапкершілік;
  • Атқарушылық қабілеті;
  • Тәртіптілік;
  • Тайм-менеджмент.

Негізгі функционалдық міндеттері:

  • Мердігерлік ұйымдармен, қалалық қызметтермен, Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен қызметтік хат алмасу;
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалуы туралы нақты деректердің мониторингін және құрылыс жоспарларының орындалуы туралы есептілікті жасау;
  • Жұмыстардың орындалуы туралы есептілікті дайындау мақсатында құрылыс-монтаждау жұмыстарының жиынтық ведомосін, жинақтау ведомосін талдау;
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстары кестелерінің орындалуына, нормативтік құжаттар талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу;
  • Құрылыс объектісі бойынша атқарушылық құжаттаманың болуын бақылау және ресімдеуді тексеру;
  • Бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған басшылардың қаулыларын, өкімдерін, бұйрықтарын, нұсқауларын, ауызша да, жазбаша да тапсырмаларын орындау;
  • Департамент құзыреті шегінде қызмет мәселелері бойынша қажетті құжаттарды уақтылы және сапалы дайындау;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының, мемлекеттік органдардың актілері мен Департаменттің қызметіне қатысты өзге де құжаттардың нормалары мен талаптарын сақтау;
  • Ішкі және сыртқы пайдаланушылар үшін Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғам қызметі туралы Департаменттің құзыреті шеңберінде ақпарат дайындау және есептерді қалыптастыру; 
  • Департаменттің құзыреті шеңберінде белгіленген мерзімде кіріс хат-хабарына жауаптар дайындау;
  • Қоғам басшылығының баяндамалары мен есептеріне материалдарды, оның ішінде тұсаукесер материалдарын дайындау;
  • Кәсіби және іскерлік біліктілігін ұдайы арттыру;
  • Департаменттің қойылған мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін қолданыстағы заңнамаға, Жалғыз акционердің нормативтік актілеріне және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.