Заң басқармасының бас менеджері

"Казпочта" АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
16

Қаралған саны:
629

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1. Қоғамның/филиалдың қызметін құқықтық сүйемелдеуді қамтамасыз ету, Қоғам/филиал қызметінің ҚР заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету;

    1. Басқарманың алдына қойылған міндеттердің тиімді орындалуын ұйымдастыру, белгіленген құзырет шеңберінде шешімдер қабылдау;
    2. Қоғамның/филиалдардың еңбек, атқарушылық іс жүргізу, төлемдер және төлем жүйелері, салық, банк, валюта, пошта және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалары саласындағы операциялық қызметін құқықтық сүйемелдеу;
    3. филиалдың/Қоғамның қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша қорытындылар дайындау (ауызша кеңестер беру және жазбаша қорытындылар);
    4. шарттардың/қосымша келісімдердің жобаларын әзірлеуге қатысу (қажет болған жағдайда әзірлеу), келісу, Қоғам шарттарының тізілімін жинақтау және жүргізу;
    5. уәкілетті органдардың, лауазымды адамдардың, соттардың, нотариустардың, екінші деңгейдегі банктердің және басқалардың сұрау салуларын қарау, Қоғамның жауапты құрылымдық бөлімшелеріне олардың орындалуының заңдылығы туралы заңды қорытындылар дайындау және ұсыну;
    6. құқық қорғау органдары, өзге де уәкілетті мемлекеттік органдар тексеру жүргізген кезде Қоғамды құқықтық сүйемелдеу, тексеру актілерінің түпнұсқаларын сақтау және есепке алу;
    7. Қоғамға және/немесе оның қызметкерлеріне қатысты құқық қорғау органдары жүзеге асыратын іс жүргізу іс-әрекеттерін қылмыстық істер бойынша жүргізілетін жедел-іздестіру іс-шаралары мен іс жүргізу шеңберінде құқықтық сүйемелдеу;
    8. құқықтық сипаттағы мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, заңды және жеке тұлғалармен қатынастарда, сондай-ақ соттарда талапкер, жауапкер немесе азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік процеске өзге де қатысушы ретінде берілген өкілеттіктер шегінде Қоғам мүдделерін білдіру, құқықтық тәуекелдерге (оның ішінде Қоғамның сатып алуға қатысуы бойынша шектеулері) мониторинг жасау;
    9. жалпы Қоғам бойынша сот практикасын талдау және жалпылау, құқықтық тәуекелдерге (оның ішінде Қоғамның сатып алуға қатысуы бойынша шектеулері) мониторинг жасау;
    11. лауазымдық нұсқаулыққа және Заң басқармасы туралы ережеге сәйкес өзге де міндеттерді, сондай-ақ Заң басқармасы басшысының, Заң департаменті директорының тапсырмаларын орындау.

Талаптар:

  • Жоғары заңгерлік білім.
  • Құқықтану саласында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

Шарттар:

  • дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09: 00-ден 18: 30-ге дейін