Құрылыс және жобалау жөніндегі Басқарушы директор

«Karabatan Utility Solutions» ЖШС Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
18

Қаралған саны:
1017

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • жобалау және құрылыс ұйымдарының шарттық міндеттемелерді орындауын қадағалайды, қажет болған жағдайда шарттарда көзделген санкцияларға бастамашылық жасайды;
  • өндірістік объектілерді күрделі салу және жобалау жөніндегі жұмыстардың тікелей орындалуына басшылықты жүзеге асырады;
  • жобалау ұйымдарымен және бас мердігерлермен шарттар жасасуға қатысады;
    ұзақ мерзімді, орта мерзімді және ағымдағы жобалау және күрделі құрылыс жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
  • құрылыста еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру, құрылыс жұмыстарының шығындарын қысқарту және сапасын арттыру, олардың мерзімдерін қысқарту, жобалау-іздестіру жұмыстарын жақсарту және арзандату жөніндегі жұмысқа басшылық етеді;
  • құрылыстың құнын арзандататын және мерзімін қысқартатын, күрделі салымдардың өтелуін жеделдететін (конструкциялардың беріктігін төмендетпей және құрылыс жұмыстарының сапасын нашарлатпай)рационализаторлық ұсыныстарды енгізуге жәрдемдеседі;
  • жобалау және күрделі құрылыс бойынша есеп пен есептілікті жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
  • күрделі құрылыс жоспарларының орындалуын, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық және техникалық құжаттаманың уақтылы берілуін ұйымдастырады, сондай-ақ техникалық және авторлық қадағалаудың жұмысына, жұмыстардың орындалу мерзімдері мен сапасына, жұмыс сызбаларына, құрылыс нормаларына, стандарттарға, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария нормаларына, еңбекті ұтымды ұйымдастыру талаптарына бақылауды жүзеге асырады.
  • авторлық және техникалық қадағалауды жүзеге асыратын органдармен құрылыс алаңдарында жабдықтарды орнатуға, сынауға және тіркеуге байланысты мәселелерді келіседі;
  • объектілердің уақтылы пайдалануға берілуін бақылауды жүзеге асырады.

Талаптар:

  • Жоғары кәсіптік білім.
  • Кәсіби саладағы практикалық жұмыс өтілі кемінде 7 жыл;
  • Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі.