АҚ «Эйр Астана» Комплаенс және тұрақты даму департаментінде 6 айлық тәжірибе. Интерн ретінде сіз жеке деректерді қорғау және тұрақтылық саласында жұмыс істейсіз.
Егер сен:
- Қызықты, жаңа нәрселерге ашық, өршіл және күрделі тапсырмаларды орындауға дайын болсаң;
- Икемді, әртүрлі көзқарастарды, қарама-қарсы және қайшы идеяларды оңай қабылдай алатын болсаң;
- Жауапты, берілген тапсырмаларды сапалы және уақытылы орындау дайын болсаң;
- Эйр Астананың ішкі жағынан қалай жұмыс істейтінін білгіңіз келсе;
онда біз сізді өз командамызда күтеміз.
МІНДЕТТЕР:
Сіздің міндеттеріңіз мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
- Дербес деректерді қорғау саласындағы ішкі құжаттарды әзірлеуге қатысу;
- Дербес деректерді өңдеу процестері үшін тәуекелді бағалауды жүзеге асыруға қатысу;
- ESG және тұрақты даму тұрғысынан авиация саласын талдау;
- ESG және тұрақты даму бастамалары, ESG рейтингі және SAF (тұрақты авиациялық отын) бойынша зерттеулер жүргізу;
ТАЛАПТАР:
- Кез келген мамандықтың 4 курс студенті;
- GPA кемінде 3,5;
- Тіл білімі: орыс тілі - еркін ауызша/жазбаша, ағылшын тілі – орта деңгейден жоғары (ауызша, жазбаша), қазақ тілі – қалаулы;
- Аналитикалық ойлау;
- ДК сенімді пайдаланушысы: MS Office; Analytics құралдарын білу - қалаулы;
- Қарым-қатынас және топтық жұмыс дағдылары.