HR әкімшіліктендіру басқармасы Менеджер

"Казпочта" АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
20

Қаралған саны:
660

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1) жұмысқа қабылдау, аудару/ауыстыру туралы өтінімді келісу, қабылдау/аудару және ауыстыру бойыншакеңестер беру;
    2) жұмысқа қабылдау туралы бұйрық, еңбек шартын, толық материалдық жауапкершілік туралы шарт шығару, SAP HCM жүйесіне жаңа қызметкердің мәліметтерін енгізу;
    3) аудару/ауыстыру туралы бұйрық және еңбек шартына қосымша келісім шығару, қызметкерді аудару/ауыстыру туралы деректерді SAP HCM жүйесіне енгізу;
    4) жұмыскермен еңбек шартын бұзу туралы өтінімді, еңбек шартын бұзу бойынша кеңестерді келісу;
    5) SAP HCM жүйесінде қызметкердің деректерін жабу, еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты ресімдеу;
    6) келіп түскен өтінім негізінде тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрық шығару, SAP HCM жүйесіне деректерді енгізу;
    7) келіп түскен өтінім негізінде тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау туралы бұйрық шығару, SAP HCM жүйесіне деректерді енгізу;
    8) SAP HCM жүйесіне деректерді енгізу үшін қызмет көрсету аймақтарын біріктіру/ ауыстыру/ кеңейту туралы бұйрық шығару;
    9) құзыреті шегінде "Қазпошта" АҚ қызметкерлеріне жетекшілік ететін филиалдары бойынша сұрау салуды дайындау және жіберу;
    10) сұрау салуға сәйкес жетекшілік ететін филиалдар шеңберінде мүдделі бөлімшелерде "Қазпошта" АҚ қызметкерлерінің болмауы және болуы бойынша мәліметтерді қалыптастыру;
    11) демалысты басқару (демалыс кестелерін келісу, жетекшілік ететін филиалдардан бекітілген демалыс кестелерін жинауды ұйымдастыру, демалыстың барлық түрлерінің өтінімдерін келісу және SAP HCM жүйесіне деректерді енгізу, демалыс туралы бұйрық шығару, бұйрықтармен танысуды бақылау);
    12) демалыс резервтерін қалыптастыруды бақылау;
    13)іссапарларды/жұмыста болмауды, оның ішінде еңбекке уақытша жарамсыздықты, әскерге шақыру және әскери жиындар себебі бойынша/жұмыста болмау себептерін басқару (іссапарға жіберу туралы өтінімдерді келісу және бұйрықтар шығару, әскерге шақыру және әскери жиындар себебі бойынша болмауы, өзге де себептермен болмауы);
    14) демалыс / мереке күндері үстеме жұмыстарды / жұмыстарды басқару (үстеме жұмыстарға, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыстарға бұйрықтар шығару);
    15) SAP HCM жүйесіне анықталмаған себептер бойынша жұмыста болмау деректерін енгізу;
    16) құзыреті шегінде жетекшілік ететін филиалдары бойынша қызметкердің сұрау салуына жауап ресімдеу;
    17) зейнеткерлік жасқа толған қызметкерлер бойынша жетекшілік ететін филиалдарға мәліметтер беру; 
    18) келіп түскен өтінімдерге сәйкес дербес деректер өзгерген жағдайда SAP HCM жүйесіне деректерді енгізу;
    19) келіп түскен кадр өтінімдерін күн сайын орындау;
    20) келіп түскен өтінімдерді орындау бойынша апта сайын мониторинг жасау;
    21) келіп түскен өтінімдерге сәйкес қызметкерді шеттету/қалпына келтіру жөніндегі бұйрық шығару;
    22) "Қазпошта" АҚ орталық аппаратының, "Жалпы қызмет көрсету орталығы", "Ақпараттық жүйелерді пайдалану дирекциясы", "Пошта сервисі" филиалдарының қызметкерлеріне хабарламалар беру (қажет болған жағдайда);
    23) "Қазпошта" АҚ орталық аппаратының, "Жалпы қызмет көрсету орталығы", "Ақпараттық жүйелерді пайдалану дирекциясы", "Пошта сервисі" филиалдарының қызметкерлеріне штатты/қызметкерлер санын қысқартқан жағдайда жұмыс туралы ұсыныстар беру;
    24) еңбек шарты туралы мәліметтерді "Қазпошта" АҚ орталық аппаратының, "Жалпы қызмет көрсету орталығы", "Пошта сервисі"филиалдарының қызметкерлері бойынша еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) енгізу;
    25) жеке істі, оның ішінде электрондық жеке істі қалыптастыру, "Қазпошта" АҚ орталық аппаратының, "Жалпы қызмет көрсету орталығы", "Ақпараттық жүйелерді пайдалану дирекциясы", "Пошта сервисі" филиалдарының қызметкерлері бойынша жеке істі өзектендіру;
    26) жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке істері бойынша ғылыми-техникалық жұмыс жүргізу және оларды ІНҚ сәйкес "Қазпошта" АҚ ведомстволық архивіне беру;
    27) қателермен жұмыс;
    28) Басқарма құзыреті шеңберінде кадрлық әкімшілендіру мәселелері бойынша кеңес беру;
    29) SAP HCM жүйесінде ауысым кестесін қайта байланыстыру бөлігінде ауысым кестесін басқару және қызметкердің еңбек шартына тиісті өзгерістер енгізу;
    30) Басқарма басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.    

Талаптар:

  • Жоғары білім

Шарттар:

  • 1) қалыпты жұмыс уақыты ұзақтығы 40.00 сағаттан аспайтын күндік жұмыс аптасы сенбі және жексенбі екі демалыс күнімен;
    2) Күнделікті жұмыс ұзақтығы (жұмыс күні, ауысым) 8 (сегіз) сағат 9-00 сағаттан бастап 18-30 сағатқа дейін дүйсенбіден жұмаға дейін, тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс 13-00 сағаттан 14-30 сағатқа дейін, бес күндік жұмыс аптасы.