Ұшу қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөніндегі қызметкер

"Эйр Астана" АҚ Алматы қ.
Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
678

   Конкурс туралы

Үміткерге қойылатын талаптар:

  • Авиациялық білім және авиацияда жұмыс істеу тәжірибесі 5 жылдан кем емес болу
  • Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру
  • Жазбаша ойын еркін және нақты жеткізу
  • Жанасқыштық: компания ішінде және компаниядан тыс, әр түрлі жоғары деңгейлерде қарым-қатынас жасай алу қабілеті болу
  • Сенімді болу және құпия мәліметтерді жария етпеу
  • Инциденттер мен авиациялық оқиғаларды зерттеу саласында тәжірибесі болған абзал
  • Жеке жүмыс істей алу қабілеті
  • Тәртіптілік, жауапкершілік, ұқыптылық және еңбек ету қабілеті жоғары болу
  • Басшылық қызметтегі тәжірибе
  • Үйлестірушілік қабілеті болу
  • Компьютерді меңгерген
  • Ұшқыш лицензиясы

Міндеттері:

•            Авиациалық Оқиғалардың Алдын алу Бағдарламасының іске асырылуын және Ұшуларды қамтамасыз ету саласында ұшу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін қадағалау 

•            Авиациалық оқиғаларға шолу жасау және тергеу жүргізу, ұшуларды орындау қауіпсіздігі бойынша есептерге мониторинг пен бақылау жүргізу

•            Ұшулар қауіпсіздігі саласында тәуекелді айқындау, бағалау және әрекеттерді азайту істеріне бақылау жүргізу

•            Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне байланысты барлық сұрақтар мен мәселелер туралы әуекомпания басшылығына және ұшуды қамтамасыз ету бойынша басшылыққа хабарлап, ақпаратты ұсынып отыру  

•            Ұшуларды қамтамасыз ету саласында сапа кепілдігі мен корпоративті қауіпсіздік аудиттерін қадағалау

•            Ұшу қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөніндегі қызметкер ұшуды қамтамасыз ететін қызметпен,  ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің басшылығымен және персоналымен, сондай-ақ ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін  КС ішіндегі және сыртындағы сабақтас бөлімдермен өзара қарым-қатынаста болу керек

•            Ұшу қауіпсіздігі бойынша өткізілетін тренингтердің өткізілуін үйлестіру және жоспарлау