Бөлім бастығы (өнеркәсіпте) (ұңғыма құрылысы)

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
28

Қаралған саны:
2208

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

• ұңғыма құрылысы бөлімшелеріне жетекшілік ету және біліктілік деңгейі сәйкес қызметкерлердің болуын қамтамасыз ету;
• үздіксіз оқыту, супервайзерлерді оқыту, төтенше жағдайлар бойынша өткізілетін оқу-жаттығулар және «НКОК Н.В.» компаниясының төтенше жағдай кезінде әрекеттену тобы мен дағдарысты жағдайларды басқару жөніндегі топты үйлестіру арқылы ұңғымадағы төтенше жағдайларды жоюға тиімді және 
уақтылы дайындықты қамтамасыз ету; 
• ұңғымадағы төтенше жағдайларды жою стратегиясына шолу жасау; ұңғыма құрылысы бөлімінің қызметкерлерін оқиға кезіндегі іс-әрекеттер процедурасы бойынша оқытуды үйлестіру; 
• өндірістік операциялардың ҚР нормативтік-құқықтық актілеріне, ДЕҚОҚ ережелеріне, бекітілген процедураларға және рұқсат талаптарына сай болуын қамтамасыз ету;
• ұңғыма құрылысы операцияларының техникалық тұтастығын және қажетті қолдау қызметтерінің уақтылы көрсетілуін қамтамасыз ету;
• ұңғымалардың өнімділігін қамтамасыз ету процесін іске асыру кезеңіне жауапты топтың жетекшісі ретінде әрекет ету;• бекітілген процедуралар мен ұңғымалардың өнімділігін қамтамасыз ету процесінің мерзіміне сәйкес ұңғыма құрылысы бағдарламаларының және шығындар туралы хабарламалардың уақытылы жасалуын қамтамасыз ету;
• барлық қажетті ресурстардың (көрсетілетін қызметтер, материалдар мен жабдық) талап етілгенін, сатып алынғанын және жұмыс көлемі үшін жеткілікті екенін қамтамасыз ету мақсатында суперинтендант пен инженерлерге жетекшілік ете отырып, бұрғылау бөлімшесін басқару; 
• барлық қажетті ресурстардың (көрсетілетін қызметтер, материалдар мен жабдық) талап етілгенін, сатып алынғанын және жұмыс көлемі үшін жеткілікті екенін қамтамасыз ету мақсатында суперинтендант пен өндірістік алаңның супервайзеріне жетекшілік ете отырып, бұрғылау ерітінділері мен өндіріс қалдықтары бөлімшесін басқару; 
• барлық қажетті ресурстардың (көрсетілетін қызметтер, материалдар мен жабдық) талап етілгенін, сатып алынғанын және жұмыс көлемі үшін жеткілікті екенін қамтамасыз ету мақсатында суперинтендант пен инженерлерге жетекшілік ете отырып, ұңғыманы аяқтау, сынау бөлімшелерін басқару; 
• бұрғылау алаңында іске асырылатын егжей-тегжейлі жұмыс бағдарламаларын (қажет болатын материалдардың / жабдықтардың тізімімен қоса) дайындау кезінде ұңғымалардың өнімділігін қамтамасыз ету процесінің қолданылуын және қажетті әрекеттестіктің жасалуын қадағалау; егжей - тегжейлі бағдарламаларды жүзеге асырар алдында уақтылы бекітілуін және жұмысқа тартылған барлық Мердігерлерге таратылуын / келісілуін қамтамасыз ету; 
• нақты ұңғыма шығындарын жоспарлы бюджетпен салыстыру және асып кеткен жағдайда қосымша 
шығын көлемін бекітуге ұсыну;
• бұрғылау жөніндегі мердігерлердің және қызмет көрсетуші компаниялардың (бұрғылау және аяқтау, 
ұңғыма іші жұмыстары) жұмыс нәтижелілігін қамтамасыз ету және бақылау, қажет болғанда дұрыстау;
• жаңа құралдар мен қолданбалар дайындау, ұңғыма құрылысы нәтижелілігін жетілдіру үшін үйрену және өзгерістер енгізу;
• бұрғылау операцияларын бақылау және жетілдіру үшін инженерлік бөліммен әрекеттесу;
• «НКОК Н.В.» компаниясының өндірістік операцияларын тексеру және алынған сабақты жинау және Қашаған кен орнының бұрғылау нұсқаулығын сәйкесінше жаңарту үшін инженерлік жобалау процедураларына қажетті мәліметтер енгізу.
• бұрғылау жабдықтарын, соның ішінде қондырғылар мен материалдарды басқару;
• ОБТ мен дағдарысты жағдайларды басқару.

Кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:


• атқаратын лауазымына байланысты техникалық сала бойынша білімі;
• ұңғымаларды бұрғылау және аяқтау, ұңғыма іші жұмыстары бойынша 8-10 немесе одан көп жыл жұмыс 
істеген тәжірибесі, осы уақыттың көп бөлігі супервайзерлік немесе жетекшілік лауазымда атқарғаны 
болуы тиіс;
• карбонатты, жоғары қысымды, күкіртті сутегі бар ұңғымаларды бұрғылау тәжірибесі;
• экологиялық сезімтал теңіз нысандарында ұңғыма операцияларын жүргізу тәжірибесі; күкіртті ортада жұмыс істеген тәжірибесі;
• күрт айналым жоғалу және күкіртсутегінің жоғары мөлшері жағдайында қысымы қалыптан тыс жоғары карбонатты жыныстардан тұратын коллекторды аяқтау / ұңғымаішілік жұмыстарды жүргізу тәжірибесі;
• өндірістік шегендеу бағаны бар өнімділігі жоғары ұңғымаларды сынау / аяқтау / күрделі жөндеу бойынша білімі.

Жұмысқа қажетті білімі мен дағдылары:


• теңіз кешеніндегі бұрғылауды аяқтау және соған қатысты қолдау көрсету қызметтерін, соның ішінде 
материалдарды жеткізу, әуе және теңіз операцияларын басқару қабілеті; 
• бұрғылау қондырғысын құрастырудан қосу-реттеу кезеңдері бойынша тәжірибесі;
• қысым деңгейі жоғары болатын тереңдікте бұрғылау және күкіртсутегі бар ортада жұмыс істеу тәжірибесі;
• инфрақұрылым тұрғысынан нашар қамтылған шалғай орындарда мұз тұру және жаз мезгілдерінде 
логистикалық операцияларды жүргізу тәжірибесі;
• техникалық қатерлерді бағалау, ДЕҚОҚ басқару жүйелері және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі 
құжаттамаларды дайындау тәжірибесі; 
• экологиялық тұрғыдан сезімтал аймақтарда жұмыс істеу қабілеті;
• әр түрлі компаниялар (соның ішінде негізгі мердігерлік ұйымдар да бар) және әр түрлі елдерден келген 
мамандардан тұратын біріктірілген топтың тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін адамдарды басқару 
қабілеті;
• жергілікті қызметкерлерді үйрету және оларға тәлімгерлік ету қабілеті.

Қажетті қабілеттер

  • - Опыт антикризисного управления, а также модернизация и техническое переоснащение производства.
  • Бурение, добыча, разработка, геология и финансы

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Кәсіби)