Тракторшы (БТТ-1 тіркемелі тартқыштың жүргізушісі, қуаты 520 а.к.) Қалпына келтіру пойызы, Сары-Шаған ст., 1-топ Жамбыл облыстық бөлімше, магистральдық желі «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы — «Магистральдық желі дирекциясы»

166 198 - 174 789 KZT
Жамбылское отделение магистральной сети Жамбыл облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
1205

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:

1) тракторды отынмен, майлау материалдарымен және салқындатқыш сұйықтықпен толтыру;

2) желіге шығар алдында жол парағының барлық деректемелерінің толық әрі дұрыс толтырылғанын тексеру, гараждан тек дұрыс рәсімделген жол парақтарымен ғана шығу;

3) желіге шығар алдында трактордың және тіркемелі арбаның техникалық күйін тексеру;

4) желіде жұмыс барысында туындаған трактор ақаулықтарын жою;

5) автомобильге ағымдағы жөндеу жүргізу, техникалық қызмет көрсетулерді орындау, тракторды техникалық байқауға дайындау;

6) жол қозғалысы ережелерін және тракторды техникалық пайдалану ережелерін сақтау;

7) тракторды және тіркемелі құрылғыларды таза күйде ұстау, сондай-ақ жинақталған күйін қамтамасыз ету, гараж бен аумақты жинастыру;

8) тіркемелі арбаны жүкті тиеу және түсіру үшін беру ережелерін сақтау, тіркемелі арбаға жүктің төселуі мен бекітілуінің қозғалыс қауіпсіздігі талаптарына және трактор мен тіркемелі құрылғылардың сақталуын қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігін тексеру;

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Білімі

Мамандығы: тракторист-машинист.

орта білім, мамандық бойынша мамандандырылған оқу орталығында даярлық

Жұмыс тәжірибесі

Мамандық бойынша немесе нақты лауазымдағы жұмыс тәжірибесі: кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)
  • Орыс тілі (Бастапқы)