Келісім-шарт және коммерциялық сауалдар жөніндегі супервайзері

"Эйр Астана" АҚ
Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
30

Қаралған саны:
863

   Конкурс туралы

МІНДЕТТЕР:

  • Әуекомпанияның барлық өкілдеріне келісімшарттық сараптама ұсынуды ұйымдастыру.
  • Әуекомпанияның қызметіне қатысты және «Эйр Астана» АҚ дайындалатын шарттардың, бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, басқа да құжаттардың барлық жобаларын бекіту алдында күрделі және қорытынды сараптама бойынша құқықтық сараптама жүргізу, сондай-ақ оларды дайындауға қатысу.
  • Заңды және жеке тұлғалардан Заң департаментіне келіп түскен өтініштерді, күрделі жағдайлар мен мәселелер бойынша хаттарды заңдық сүйемелдеуді жүзеге асыру және тиісті қорытындыларды дайындау.
  • Құқықтық жұмысты талдау және тұжырымдау, заң департаментінің қызметін жетілдіру бойынша тікелей басшының қарауына ұсыныстар енгізу. Қол астындағылардың жұмысын жақсарту.
  • Құқықтық тәуекелдерді талдау және сараптамаға жүгінген тікелей бағыныштылар мен әуекомпанияның басқа да өкілдерінің шешімдері мен ұсыныстарының тиімділігін бағалау.
  • Әуекомпанияның басқа департаменттерімен шарттық/келісімшарттық жұмысты жақсарту және келісімшарттарды/шарттарды орындау және оларды дайындау техникасын жетілдіру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау.
  • «Эйр Астана» АҚ өткізілетін тексерулерге қатысу, материалдар мен құжаттарды дайындау, тексеру кезінде шығарылатын актілерді қарау және олар бойынша қорытындылар беру, жауаптар мен қарсылықтарды дайындау.
  • Авиация саласындағы халықаралық конвенцияларды нақты жағдайларға қолдану мәселелерін қарау.
  • Кездесулер, келіссөздер, кеңестер өткізу, бітімгершілік келісімге қол қоюды, даулы жағдайды реттеуге қол жеткізу үшін қажетті хаттар мен басқа да құжаттарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, қажетті жазбаша және ауызша түсініктемелер беру арқылы дауды (наразылықтарды, арыздарды) сотқа дейінгі реттеудің барлық қажетті шараларын қабылдау, сондай-ақ медиация қызметтерін пайдалану.

ТАЛАПТАР:

  • Жоғары күндізгі заң білімі
  • Мамандығы бойынша алдыңғы тәжірибесі +/- 7 жыл
  • Орыс, қазақ және ағылшын тілдерін білу
  • Азаматтық процестік, еңбек, әкімшілік және халықаралық құқық
  • Әуекомпанияның қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік және құқықтық актілері
  • Шарттардың барлық түрлерін жасасу мен ресімдеу тәртібі
  • Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу процесін реттейтін нормативтік құқықтық актілер
  • Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігінің қағидалары мен нормалары
  • Авиациялық оқиғалардың алдын алу және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасы