Тәуекелдерді басқару қызметінің менеджері
Акционерлік қоғамы "Samruk- Kazyna Construction" Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Тәуекелдерді анықтау (сәйкестендіру), бағалау және азайту;
- Тәуекелдерді басқару бойынша есептерді, ішкі бақылау жүйесінің жағдайы туралы есептерді қалыптастыру;
- Блок-схемалармен байланысты іс-әрекеттер, жауапты тұлғалар және құжаттар реттілігін көрсететін бизнес-процестерін әзірлеу;
- Қоғам бизнес-процестерінің тәуекелдердін анықтау;
- Қоғам бизнес-процестерінің тәуекелдерін бақылау рәсімдерін әзірлеу;
- Бизнес-процестердін бақыланатын бағыттарын айқындау;
- Бақылау рәсімдерінің мониторингі;
- Түзету іс-шараларын әзірлеу және мониторинг бойынша ұсыныстардың орындалуын тексеру;
- Бақылау рәсімдерінің тиімділігін бағалау және ұсынымдар беру;
- Ішкі бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қалыптастыру;
- Тиімді ішкі бақылау жүйесін құру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жалпы үйлестіру;
- Бизнес-процестерді ұдайы жетілдіруде қолдау көрсету және салалар арасындағы процестерді интеграциялауды қамтамасыз ету;
- Бақылау рәсімдерінің тиімділігін жүйелі түрде тестілеу және бағалау;
- Бизнес-үдерістердің жіктеуішін жүргізу.
Талаптар:
- Жұмыс тәжірибесі кемінде 2 (екі) жыл;
- Жоғары экономикалық және/немесе құқықтық білім;
- Мемлекеттік және орыс тілдерін білу.
Шарттар:
- Мерзімі 1 жылдан кем емес Еңбек шарты;
- Мақсаттық көрсеткіштерін орындауы үшін қосымша сыйақы төлем;
- Көп тапсырма режимінде жұмыс жасау, тәулік бойы байланыста болу мүмкіндігі;
- Әлеуметтік пакет.