Инженер, геологиялық барлау департаментінің барлау қызметі

ҚМГ Инжиниринг Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
53

Қаралған саны:
2146

   Конкурс туралы

 

Талаптар

Лауазымдық нұсқаулық бойынша біліктілік талаптары

Талап етілетін біліктілік

Білімі (жоғары, мамандығы/ біліктілігі)

Мұнай-газ геологиясы / геофизика / петрофизика саласындағы жоғары техникалық білім

Кәсіби саладағы жұмыс тәжірибесі

-

Бейіні бойынша ұлттық және/немесе халықаралық компаниялардағы және/немесе функционалдық бағыттарға сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі

-

Басшы лауазымындағы жұмыс тәжірибесі  

-

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:

1.       Геологиялық-геофизикалық деректерді талдау, түсіндіру бойынша мамандандырылған салалық программаларды білу;

2.      Геологиялық-геофизикалық зерттеу әдістерін білу;

3.      Сейсмикалық деректерді құрылымдық түсіндіру процесін түсіну;

4.      Жалпы геология, мұнай геологиясы, геофизика, петрофизика, седиментология, геотектоника және геохимия туралы білім;

5.      Қазақ және / немесе орыс тілін, ағылшын тілін білу (мүмкіндігінше);

6.      Microsoft office, Outlook және т.б программаларды білу;

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

1.      Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу және керн деректерін оқу және түсіндіру дағдылары;

2.      Орындалған жұмыстардың нәтижелері бойынша техникалық презентациялар дайындау дағдылары;

3.      Геофизикалық және геологиялық кенорын деректерін жүйелеу дағдылары;

4.      Геологиялық модельдеу дағдылары;

5.      Геологиялық қорытындыларды, геологиялық бағалау нәтижелері бойынша есептерді дайындау дағдылары;

6.      Презентация, іскерлік қарым-қатынас және хат алмасу дағдылары;

7.      Стратегиялық, аналитикалық және жүйелік ойлау дағдылары және өз ұстанымын дәлелді түрде қорғай білу;

8.      Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалану дағдылары;

9.      Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары;

Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттер:

1.      Сейсмикалық деректерді құрылымдық түсіндіру;

2.      Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу әдістерін түсіндіру;

3.      Жер қойнауын геологиялық-геофизикалық зерттеумен, мұнай және газ кен орындарын іздеумен және барлаумен байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау;

4.      Перспективалық құрылымдық және құрылымдық емес тұтқыштарды іздеу және бөлу, тәуекелдер мен ресурстық әлеуетті бағалау;

5.      Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау;

6.      Нормативтік талаптарды сақтау және құжаттаманы сапалы рәсімдеу, оны келісудің белгіленген тәртібін сақтау, материалдарды серіктестіктің ғылыми-техникалық кеңесінің қарауына дайындау;

7.      Өзінің кәсіби деңгейін, өз біліктілігін арттыру және ғылымның, техника мен технологияның жаңа жетістіктерін қадағалау;

8.      Департамент туралы Ережеге сәйкес Департаментке жүктелген міндеттерді іске асыруды және функцияларды орындауды қамтамасыз ету;

9.      Департаменттің жұмысын орындау кезінде заманауи мамандандырылған программаларды пайдалану;

10.  Департамент басшылығына орындалған жұмыс бойынша есептілікті дайындау және ұсыну;

11.  Еңбек шартымен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді сапалы және уақтылы орындау, сондай-ақ тоқсандық және жылдық есептілікті ұсына отырып, бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес серіктестік басшылығының бұйрықтарын, өкімдері мен тапсырмаларын тиісінше орындау;

12.  Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, Серіктестік Жарғысының және серіктестіктің ішкі құжаттарының талаптарын басшылыққа алу және сақтау;

13.  Қызмет басшысының, Департамент директорының, Бас директордың геологиялық барлау жөніндегі орынбасарының тікелей тапсырмаларын орындау.

14.  Серіктестіктің тікелей басшысы мен басшылығының бұйрықтары мен өкімдеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Ерекше шарттар

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр