Жабдықтар жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету жөніндегі инженер

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
27

Қаралған саны:
1823

   Конкурс туралы

Кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:
• механикалық жабдықтарды жобалау не ұқсас инженерлік салада академиялық дәрежесі;
• мұнай және газ саласында инженерлік жұмыстар не техникалық күтім жасау не өндірістік операциялар бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;
• жүйелер, бағдарламалар, өнімдер (SAP), Fountain оқиғаларды бақылау жүйесі, қауіп-қатерлерді басқару немесе қатерлер мен мүмкіндіктерді басқару процестері бойынша терең білімі;
• расталған инженерлік ақаулықтарды өздігінен анықтау, талдау және жою қабілеті;
• пайдалану сенімділігін қамтамасыз ету үшін техникалық қызмет көрсету (ПСҚТҚК) және жоспарлы-алдын алу мақсатындағы техникалық күтімді (ЖАМТКО) оңтайландыру процестерінде елеулі тәжірибесі;
• өндірістік операциялардың сенімділігіне қатысты әр алуан күрделі мәселелерді шешу тәжірибесі болғаны лазым;
• активтерге техникалық күтім жасау және бүтіндікті қамтамасыз ету стандарттары мен тәжірибелері жөнінде іс жүзіндегі білімі;
• инженерлік жобалауға қатысты нормативтік және процедуралық материалдар (АМИ, ИСО, және тиісті стандарттар) жөнінде жетік білімі болуы тиіс; қауіпті нысандарда жұмыс істеу бойынша қазақстандық және халықаралық ережелер жөнінде білімі болғаны дұрыс;
• өзгерістерді басқару бойынша тәжірибесі.
• талап етілетін жұмыс сипаттамаларына қол жеткізу мақсатында стратегияларды әзірлеуде расталған көшбасшылық дағдылары; жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу және/немесе олардан асып түсу үшін топ мүшелерін оқыту және оларға жетекшілік ету дағдылары;
• ауызша және жазбаша түрде тиімді қарым-қатынас жасау машықтары, соның ішінде презентация жасау және тиімді есеп жазу қабілеті;
• сенімділікті есептеу қабілеті;
• қажетіне қарай өндірістік операцияларға қолдау көрсетуге бейімделу қабілеті; 
• топта жұмыс істеу, қарым-қатынас құру, түсіну және сан алуан ортада және әр түрлі жерлерде жұмыс істеу қабілеті;
• көпұлтты ортада жұмыс істеу қабілеті;
• тәртіппен жұмыс істеу және адамдарды ұйымдастыру қабілеті;
• топ мүшелерін және өзін-өзі ынталандыру дағдылары;
• түйінді мәселелерді талдау және шешім жолдарын табу қабілеті;
• тапсырмаларды уақтылы орындау қабілеті;
• ағылшын тілінде жазбаша және ауызша жетік араласу машықтары;
• жабдық жағдайын бақылау бойынша негізгі техникалық бағдарламалардың жұмысы жөнінде түсінігі (дірілді талдау, мұнайды талдау, т.б.);
• процестерге, жұмыс әдістеріне үздіксіз жетілдіру талаптарын қолдану қабілеті.

Лауазымдық міндеттері: 

• жабдықтар мен активтердің сенімділігін, пайдалануға дайындығын жақсарту мүмкіндіктерін анықтау және ұсыну үшін негізгі деректерді (соның ішінде SAP, PI және жабдықтар күйі туралы ақпарат) жинау және талдау;
• жабдықтар жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету бойынша корпоративтік стратегиялық жоспарға сәйкес активтерге қатысты қатерлер мен мүмкіндіктерді басқару (ҚМБ), алғышарттарды талдау (АТ), жоспарлы-алдын алу мақсатындағы техникалық күтімді оңтайландыру (ЖАМТКО) процестерін жасақтау, орындауға көмек көрсету және жүргізу;
• инженерлік жобалау, пайдалану және технологиялық процесс бөлімдерінің іс-қимылдарына белсенді түрде араласа отырып, қатерлер мен мүмкіндіктерді басқару (ҚМБ), алғышарттарды талдау (АТ), жоспарлы-алдын алу мақсатындағы техникалық күтімді оңтайландыру (ЖАМТКО) процестерінің іске асырылуын қамтамасыз ету;
• үйлестіруші әрі процесс бойынша негізгі байланысушы тұлға ретінде әрекет ете отырып, ҚМБ процесін қолдану мен іске асыру шараларын басқару;
• апталық ҚМБ жиналыстарын, қатерлерді талдау, оқиғаларды тергеу шараларын ұйымдастыру және іске асыруға көмектесу;
• қолданыстағы құралдардың сенімділікті қамтамасыз ету көрсеткіштеріне қатысты деректерді талдау; осы деректер туралы тиісті мүдделі тараптарға ақпарат беру;
• басқа салалармен тығыз әрекеттесе отырып, оқиғаларға, қатерлер мен мүмкіндіктерге қатысты жоғары дәрежелі /басымдықты әрекеттерді орындау мен жабу жұмысына атсалысу;
• қондырғының дайындығын және сенімділігін үздіксіз және, мүмкін болған жағдайда, бірте-бірте жетілдіретін сенімділікті қамтамасыз етуге арналған ресурстар, процестер мен құралдарды енгізу;
• қызмет саласының қажеттіліктеріне сай қондырғының жұмысқа дайындығын қамтамасыз ету және жетілдіру бойынша кеңес беру;
• сенімділік пен пайдалануға дайындықты жақсарту бастамаларын іске асыру үшін басқа бөлімдермен белсенді әрекеттесу және оларға көмектесу;
• активтерге қатысты сенімділікті арттыру және нәтижелерді қадағалау үшін стандартты жұмыс процесін жасауға қатысу;
• тиімді жұмыс жолдарын қолдану және олар туралы тиісті ақпаратпен алмасу.

Қажетті қабілеттер

  • SAP (Техническое обслуживание оборудования, управление производственными активами)
  • инженерная механика
  • сопровождение процессов управления угрозами
  • планово-предупредительное ТО
  • анализ надежности функционирования оборудования
  • мобилизация систем и инструментов обеспечения надежности

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Кәсіби)
  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)