«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бизнес-жоспарлау және корпоративтік қаржыландыру қызметінің аға маманы (корпоративтік қаржыландыру жөніндегі) бос қызмет орнына кандидаттарды іздестіру туралы хабарлайды

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
35

Қаралған саны:
936

   Конкурс туралы

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бизнес-жоспарлау және корпоративтік қаржыландыру қызметінің аға маманы (корпоративтік қаржыландыру жөніндегі) бос қызмет орнына кандидаттарды іздестіру туралы  хабарлайды

Білімі:
Жоғары кәсіби

Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі:
Кәсіби салада немесе қызметінің функционалдық бағыттарына  сәйкес келетін салаларда кем дегенде 3 жыл.
Ұйым бейініне сәйкес келетін  жұмыс тәжірибесі (ҚМГ және/немесе үлестес ұйымдарда жұмыс жасаған жылдарына артықшылық беріледі)  кемінде 2 жыл.

Қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті білімі мен дағдылары:

1. ҚТКФ Жарғысы;
2. ҚР қолданыстағы заңнамалық және өзге ҚР, сондай-ақ осы қызмет үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілері;
3. тарифтерді есептеу және қаржы-шаруашылық қызметті талдау және жоспарлау әдістері;
4. қаржы нарығы, берешек міндеттемелердің нарығы, макроэкономика, кәсіпорындар мен бизнес-жоспарларды талдау дағдылары;
5. ҚР валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңы;
6. ҚР Банк заңнамасы;
7. инвестициялар туралы ҚР Заңы, бағалы қағаздар туралы ҚР Заңы, лизинг туралы ҚР Заңы, ҚР Салық заңнамасы, сауда мақсатында теңізде жүзу туралы ҚР Заңы, Акционерлік қоғамдар туралы ҚР Заңы, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы ҚР Заңы, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және Қарыз туралы ҚР Заңы;
8. инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау өлшемдері және қаржы-экономикалық үлгілерді қалыптастыру қағидалары;
9. банктер және өзге қаржы институттарының жүйелері, қаржыландыру сұлбалары мен құрылымдарын білу;
10. ішкі және сыртқы қаржы нарықтарына талдау жүргізу тәртібі;
11.ҚТКФ ішкі нормативтік құжаттамасы, соның ішінде МБЖ;
12. еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария қағидалары мен нормалары, ішкі еңбек тәртібінің қағидалары;
13. тәуекелді басқару жүйесінің негіздері;
14. компьютерлік техника, телекоммуникация және байланыс құралдары.

Осы қызметтегі функционалдық міндеттері:
1. ұзақ, орта және қысқа мерзімді кезеңдерде ҚТКФ қаржы мүмкіндіктерін айқындау, сондай-ақ ҚТКФ инвестициялық бағдарламасын іске асыру үшін ішкі және сыртқы капитал нарықтарында ұзақ мерзімді қаржы ресурстарын тарту бойынша жұмыстарды жүргізу;
2. ҚТКФ қызметін жүзеге асыру кезінде портфельдік инвестициялау және тәуекелді әртараптандыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және ұйымдастыру кезінде қажетті материалдарды сүйемелдеуді және әзірлеуді жүзеге асыру;
3. келісім шарттарды, келісімдерді, кредиттік шарттарды және кепілдік шарттарын әзірлеу бойынша жұмысқа тікелей қатысу;
4. ҚТКФ капиталының құрылымын талдау, қаржы қаражатын тарту қажеттілігін бағалаумен айналысу;
5. орта және ұзақ мерзімді негізде қаржыландыру жөніндегі ұсыныстар нарығына талдау жүргізу;ҚТКФ жобаларын сауда және экспорттық қаржыландыру мәселелері бойынша қаржы мекемелерімен жұмысты жүзеге асыру;
6. ҚТКФ кредиттік келісімдері бойынша қаржылық және қаржылық емес міндеттемелердің уақтылы орындалуын талдау және үйлестіру;
7. шетел валютасын сатып алу-сатумен байланысты шығындарды азайту мақсатында ақша ағындарын басқаруды бақылауды жүзеге асыру; ҚТКФ бос қаржы қаражатын орналастыру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу кезінде қажетті материалдарды әзірлеуге қатысу;
8. ҚТКФ кассалық бюджетін бақылауды және орындауды жүзеге асыру, ҚТКФ кредиттік портфелін талдау және оған мониторинг жүргізу;
9. ҚТКФ Қызметі басшысының және басшылығының тапсырмаларын (бұйрықтар, қарарлар, жазбаша және ауызша өкімдер) орындау, тәуекелді басқару үшін жауапты қызметкерге ықпалдасу және оның қызмет саласына қатысты тәуекелді сәйкестендіруді, бағалауды, өзектендіруді және басқаруды жүргізуге қатысуды қамтамасыз ету;
10. басшылықтың экономикалық шешімдерді қабылдауы үшін қаржы–экономикалық үлгілерді әзірлеуді жүзеге асыру, ҚТКФ және оның ЕҰ инвестициялық жобаларының қаржы–экономикалық сараптамасын әзірлеуге қатысу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр