«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бизнес-жоспарлау және корпоративтік қаржыландыру қызметінің аға маманы (атқарылуы жөніндегі) бос қызмет орнына кандидаттарды іздестіру туралы хабарлайды

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
49

Қаралған саны:
1031

   Конкурс туралы

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бизнес-жоспарлау және корпоративтік қаржыландыру қызметінің аға маманы (атқарылуы жөніндегі) бос қызмет орнына кандидаттарды іздестіру туралы хабарлайды

Білімі:
Жоғары кәсіби

Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі:
Кәсіби салада немесе қызметінің функционалдық бағыттарына  сәйкес келетін салаларда кем дегенде 3 жыл.
Ұйым бейініне сәйкес келетін  жұмыс тәжірибесі (ҚМГ және/немесе үлестес ұйымдарда жұмыс жасаған жылдарына артықшылық беріледі)  кемінде 2 жыл.

Қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті білімі мен дағдылары:
1. ҚТКФ Жарғысы;
2. ҚР қолданыстағы заңнамалық және өзге ҚР,сондай-ақ осы қызмет үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілері;
3. Шаруашылық қызметті есепке алу мен талдауды ұйымдастыру жөніндегі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер, басқадай басшылыққа алу, әдістемелік және нормативтік материалдар;
4. ҚТКФ қызметіне қатысты басқадай органдардың әдістемелік және нормативтік материалдары;
5. ҚТКФ қаржы-шаруашылық қызметін экономикалық талдау әдістері;
6. Тарифтерді есептеу әдістері және қаржы-шаруашылық қызмет пен жоспарлауды талдау;
7. Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария қағидалары мен нормалары, ішкі тәртіп қағидалары;
8. ҚТКФ ТБЖ және ішкі бақылау жүйесінің негіздері;
9. Компьютерлік техника, телекоммуникация және байланыс құралдары.

Осы қызметтегі функционалдық міндеттері:
1. ҚТКФ бюджетінің атқарылуын қалыптастыру және ұсыну;
2. ҚТКФ қаржы-шаруашылық қызметін талдауды тиімді жүзеге асыру бойынша жұмысты орындау;
3. ҚТКФ бюджетін қалыптастыруға қатысу;
4. бюджеттің атқарылуы және ҚТКФ өндірістік бағдарламасының орындалуы туралы талдамалық тоқсандық есептемелерді (басқарушы ақпарат) әзірлеу бойынша жұмысқа қатысу;
5. өзіндік құны құрылымындағы шығындарды бөлудің дұрыстығын, әрбір бап бойынша шығындар шамасының негізді болуын анықтау үшін алынған ақпаратты өңдеу және талдау.
6. Өзара іс-қимыл жасау саясатына сәйкес Қызмет пен экономика және қаржы мәселелеріне жетекшілік ететін ҚМГ функционалдық блогының өзара іс-қимыл жасауын жүзеге асыру;
7. Директорлар кеңесіне/ҚМГ Басқармасына/ ҚТКФ Қадағалау кеңесіне және ҚТКФ Басқармасына қажетті материалдарды (түсіндірме жазбалар, шешімдердің жобалары және басқадай құжаттар) әзірлеуді жүзеге асыру;
8. жоғары тұрған органдарға және ҚТКФ мүдделі бөлімшелеріне сұратылған ақпаратты жеке құзырлығы шегінде беру;
9. Мемлекеттік сатып алулар жоспарын қалыптастыру және оған жүргізілетін мониторингке қатысу;
10. жоғары тұрған тікелей басшылардың тапсырмаларын (бұйрықтар, өкімдер, қарарлар және т. б.) орындау;
11. өз қызметінің саласына қатысты МБЖ және ҚБЖ талаптарын білу және орындау;

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр