Талаптар:
• Жоғары авиациялық білім (мүмкіндігінше инженерлік)
• Азаматтық авиациядағы тәжірибесі 5 жылдан кем емес;
•Сапа менеджменті/сәйкестік немесе қауіпсіздік мониторингі жүйесінде кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі
•Әуе кемелерін техникалық жөндеу және ұшу барысындағы сәйкестік/сапаны бақылау жүйелері және ұшу қауіпсіздігін басқару саласындағы халықаралық және ұлттық стандарттарды білу
• ағылшын тілін білу
• топта жұмыс істей білу және жанжалды жағдайларды шешу
Міндеттері:
• Компанияның халықаралық және ұлттық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында сәйкестік мониторингі (сапаны басқару) бағдарламасын енгізу, қолдау және үздіксіз жетілдіру;
• Аудиттердің бағдарламасын (жоспарын) әзірлеу, орындау және жүргізу
• Компанияның және қызмет жеткізушілерінің барлық қолданыстағы заң талаптары мен компания процедураларына сәйкестігін бақылау
• Сәйкестік мониторингі бағдарламасына сәйкес аудит жүргізу (сапаны басқару)
• Авиациялық оқиғаны тергеуге қатысу
• Сәйкестік мониторингі бағдарламасының жұмыс істеуі бойынша авиациялық билік органдарымен өзара іс-қимыл (сапаны басқару)