Экономика басқармасының тарифтер бөлімінің бас менеджері

«Алматы электр станциялары» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
21

Қаралған саны:
890

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1.    Табиғи монополиялар саласындағы, Электр энергетикасы саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес уәкілетті органға тарифті бекітуге өтінімді қалыптастыру және беру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; 
2.    "АлЭС" АҚ БАҚ-та және интернет-ресурсында реттелетін қызметке қатысты ақпаратты дайындайды және орналастырады. Тарифтер өзгерген жағдайда, НҚА белгілеген тәртіпке сәйкес тұтынушыларды хабардар етеді;
3.    Бекітілген тарифтік сметаның шығындар баптарының орындалуын бақылайды және бекітілген тарифтік сметаға өзгерістер енгізу жөніндегі өтінішпен уәкілетті органға уақтылы жүгінуді жүзеге асырады; 
4.    Уәкілетті органға тарифтік сметалардың орындалуы туралы есептерді, электр энергиясын өндіруге және өткізуге, электр энергиясын өндіру және өткізу көлемі бойынша шығындар жөніндегі есептерді қалыптастырады және жібереді;
5.    Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында Жария тыңдаулар өткізуді ұйымдастырады;
6.    Табиғи монополиялар, Электр энергетикасы саласындағы заңнаманы жетілдіруге, тариф қалыптастыру жүйесінің проблемалық мәселелеріне қатысты НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар береді; 
7.    Бөлім құзыреті шегінде құрылымдық бөлімшелердің, жоғары тұрған ұйымдардың, мемлекеттік органдардың хаттары, өтініштері, сұрау салулары бойынша қажетті ақпаратты қарайды және дайындайды.

Талаптар:

  • Жоғары қаржылық - экономикалық білім, қаржылық және/немесе басқарушылық есеп саласындағы біліктілігін растайтын сертификаттың болуы;
  • Қаржылық және/немесе басқарушылық есеп және экономикалық талдау саласындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Шарттар:

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Озат)