Менеджер (басқарушы) өнеркәсіпте (жобаны жүзеге асыру)

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
748

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:
  • ДЕҚҚОҚ тұрғысынан маңызды қызмет атқару - ЖЖД жобасының сәйкестігін қамтамасыз ету процестеріне сәйкес жоба бойынша ДЕҚҚОҚ іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету және жобаны жүзеге асыру бөлімінің бастығына, жобаны жүзеге асыру жұмыстарының суперинтенданттары мен супервайзерлеріне қажетті жан-жақты қолдау көрсету - ЖЖД жобаларына жұмылдырылған және ЖЖД бақылауындағы мердігерлердің ДЕҚҚОҚ көрсеткіштерін басқаруға жауапты болу;
  • жобаны жүзеге асыруға қатысты барлық ақтық-жобалық құжаттаманы НКОК Жобаны басқару жүйесіне сәйкес әзірлеу және енгізу, барлық стандарттар мен тәжірибелерге (ҚР, НКОК стандарттары мен озық өндірістік тәжірибелер) сәйкестікті қамтамасыз ету бағытында жобаны жүзеге асыру қызметтері жөніндегі топтармен және техникалық қызметтер тобымен жалпы жауапкершілікті ала отырып тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу;
  • жобаның барлық АЛАҢДАРЫНДАҒЫ, соның ішінде жоспарлы Жоспарлы-алдын алу мақсатындағы жөндеу жұмыстарына дейінгі, осы жұмыстардан кейінгі және осы жұмыс көлемін орындау кезіндегі барлық жүзеге асыру жұмыстарын басқару;
  • мердігерлердің ДЕҚҚОҚ бойынша талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ететін, өндірістік операциялардың сапасын, шығыстары мен тиімділігін белгіленген ННК-ге сәйкес қамтамасыз ететін ортаны құруын қамтамасыз ету мақсатында мердігердің жоғары басшылығымен қарым-қатынас орнату;
  • тұжырымдама таңдау және анықтау кезеңдерінде жобаларды жүзеге асыру жұмыстарының барлық компоненттерін әзірлеуге және жоғары сапаны қамтамасыз етуге белсене қатысу;
  • берік және тікелей қарым-қатынас арналарын орнату және МГКДҚ техникалық күтім жасау, ықтимал өзгерістер туралы хабарламалар жөніндегі топтармен, ӨОД-ның өзге де тиісті бөлімдерімен өзара әрекеттесу;
  • жоспарлы-алдын алу мақсатындағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті барлық сәйкестікті қамтамасыз ету шараларын жүргізу/енгізу және жүзеге асыру, соның ішінде Компанияның қауіпсіздік, сапа, шығын мен кесте бойынша барлық ННК-лерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін жоспарлы-алдын алу мақсатындағы жөндеу жұмыстарына дейінгі/кезіндегі келу Компания нысандарының кез келген алаңдарына кіру жайттарын негіздеу;
  • жергілікті қамту және шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен алмастыру жөніндегі мақсаттарға қол жеткізу;
  • жобаны жүзеге асыру барысында алынған сабақтардың нәтижелі көрсетілуін және ескерілуін қамтамасыз ету;
  • ЖЖД келісімшарт жасау және сатып алу бөлімімен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы ЖЖД келісімшарты шеңберіндегі кез келген техникалық келісімшартты бағалау жұмыстарына қатысты процестерді, сәйкестікті қамтамасыз ету және бақылау шараларын жүргізу/енгізу және жүзеге асыру.
  • сыйластық пен адалдық таныта отырып тиімді қарым-қатынас жасау; сан алуандылықты бағалау, өзінің және өзгелердің мықты тұстарын айыра білу;
  • топ жетекшісі: мақсаттарды және негізгі тапсырмаларды орындау үшін адамдардың үлкен топтарын біріктіру, ол туралы хабарлау және адамдарға ықпал ету; топ мүшелерін нәтижелі жұмыс істеуге ынталандыру;
  • жасампаздық және жаңашылдық: лауазым иесі түрлі басымдықтары бар көптеген жобаларды орындауы тиіс, сондықтан жобаны жүзеге асырудың анағұрлым тиімді әдісін таңдай білуі тиіс;
  • тапсырыс берушіге назар аудара жұмыс істеу және мүдделі тараптармен өзара әрекеттесуді басқару: лауазым иесі жобаны жүзеге асыруға көмектесу үшін түрлі денгейдегі әртүрлі мүдделі тараптар мен компанияның бөлімдері арасында келісушілікті қамтамасыз ете білуі тиіс;
  • түрлі мәдениет өкілдерінен құрылған ұжымда жақсы жұмыс істеу үшін керемет жетекшілік ету және топ құру қабілеті;
  • табанды, икемді, өз-өзіне сенімді болу, әсіресе мердігерлермен жұмыс істеу кезінде адуынды болу;
  • жігерлі, жұмысқа қабілетті, шешім қабылдауға, тапсырыс берушімен жұмыс істеуге бағытталған және әр түрлі адамдармен қарым-қатынас жасау қабілеті;
  • жоспарлы-алдын алу мақсатындағы жөндеу жұмыстары саласында нақты және расталған жұмыс тәжірибесінің болғаны маңызды;
  • тұлғааралық қарым-қатынас орнату және байланыс жасау дағдылары.
  • жобаны жүзеге асыру процестері мен стандарттарын жүйелі қолдану мақсатында көпбейінді қызметтерді басқару және қызметтегі мамандармен тез қарым-қатынас жасау қабілеті;
  • тендерлер мен келісімшарттар жөнінде жан-жақты білімі және жұмыс тәжірибесі;
  • ҚР жобалау және құрылыс нормалары жөніндегі білімі;
  • халықаралық құрылыс стандарттары, озық тәжірибесі мен жүйесі бойынша терең білімі және оларды Қазақстандағы жүргізілетін жұмыстары барысында қолдана білу;
  • улы/жоғары қысымды ортада, күкіртсутегі деңгейі жоғары нысандарда жұмыс істеген тәжірибесі болуы тиіс және де кешенді, қауіп-қатер деңгейі жоғары қолданыстағы нысандарда тікелей және жанама жолмен бағынатын персонал мен мердігерлерді басқару бойынша тәжірибесі де болуы тиіс;
  • компьютермен жұмыс істеу (Word, Excel, Outlook) дағдысы;

Кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:
  • тиісті мамандық бойынша жоғары техникалық (немесе аспирантуралық) білімі;
  • мұнай-газ өнеркәсібінде, құрлық және теңіз кешендерінде және қолданыстағы нысандарды жаңғырту/жаңа нысандар салу жобаларында ақтық инвестициялық шешім қабылданғанға дейін/қабылдау кезеңінде басшылық лауазымда - жобаны басқару/жобаны жүзеге асыру бойынша 5 жылдан астам жұмыс тәжірибесі;
  • әр түрлі алаңдарда өндірістік тәжірибесі, соның ішінде қолданыстағы нысандарды жаңғырту жобасының құрылыс/қосу-реттеу саласында басшылық лауазымда істеген кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі және ірі мұнай-газ кен орнындағы жоспарлы-алдын алу мақсатындағы жөндеу жұмыстары бойынша дәл сондай жұмыс тәжірибесі;
  • ДЕҚҚОҚ талаптарын сақтауға расталған құштарлығының болуы және ДЕҚҚОҚ бойынша жетекшілік ету, ДЕҚҚОҚ саласындағы көрсеткіштерге қол жеткізу;
  • лауазым иесінің ЖСҚ жөніндегі мердігерде жобаны жүзге асыру ісін толықтай түсіну үшін өндіріс орнындағы жетекші/басшы лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс атқарған болуы абзал;
  • жобаны жүзеге асыру саласында үздіксіз жетілдіру шараларын қабылдау бойынша расталған тәжірибесі;
  • жобаны басқару жүйелері/жобаның сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша дағдылары, сонымен қатар шағын және ірі жобаларда осы іспеттес жұмыстарды атқарған болуы тиіс.

Қажетті қабілеттер

  • Ведение проекта, работа с подрядчиками
  • управление коллективом
  • озтосиб
  • реализация проекта

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Кәсіби)
  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)