Кен орнын игеру жөніндегі жетекші инженер

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
32

Қаралған саны:
1647

   Конкурс туралы
Кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі: 
6-8 жыл мұнай және газ кен орындарындағы (геологиялық зерттеулер бойынша) жұмыс тәжірибесі; 
• инженерлік-техникалық сала бойынша жоғары білімі;
• топқа жетекшілік ету бойынша тиісті тәжірибесі;
• жергілікті мемлекеттік органдармен және консорциум компаниялар сияқты сыртқы тараптармен байланыс жасау тәжірибесі. 
көпұлтты және көпбейінді топтардың техникалық жұмысына жетекшілік ету/үйлестіру қабілеті;
• тұлға аралық қарым-қатынас құру және жетекшілік ету дағдысы;
• қарым-қатынас құру дағдылары, соның ішінде ағылшын тілін еркін білу;
• жергілікті мемлекеттік органдар мен Консорциум бойынша серіктестердің қажеттіліктерін тани білу және оларға сәйкес әрекет ете білу.

Лауазымдық міндеттері: 
тиісті қойнауқатты жобалау технологиялары, жұмыс процестері және сапа стандарттарының қолданылуын қамтамасыз ету;
• қойнауқатты жобалау жұмыстарының мақсатқа сай болуын және олардың белгіленген мерзімге сәйкес уақытылы аяқталуын қадағалау;
• қойнауқатты жобалау жазбаларының техникалық-нормативтік құжаттарға тиісті түрде ұсынылуын қамтамасыз ету;
• өнім қойнауқатын жобалау, геоғылымдар, бұрғылау мен тиісті өндірістік бөлімшелер;
• жоғарғы этикалық нормалар мен қатаң бақылау стандарттары қолданылатын қауіпсіз және қоршаған ортаға зиянсыз жұмыс орнын жасау;
• кен орнын игеру жобалары бойынша геологиялық зерттеулердің техникалық сапасын қамтамасыз ету шараларын басқару және ынталандыру;
• тиісті инженерлік жобалау технологиясы мен сапа стандарттарының қолданылуын қамтамасыз ету үшін жоба топтарын техникалық тұрғыдан қадағалау;
• «НКОК Н.В.» компаниясының жұмыс жоспарларын жүзеге асыру үшін Консорциум бойынша серіктестерге, мекемелерге, мердігерлерге және ҚР бақылаушы органдарына өнім қойнауқатын жобалау тұрғысынан техникалық бағалау қызметін ұсыну;
• геологиялық зерттеулер бөлімі ішінде техникалық білім мен сәйкестікті дамытуға атсалысу; 
• өндірістік алаңнан деректер жинауға, олардың сапасын бақылау мен таратуға және мұрағаттық дерекқордың ӨБК талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге жауапты болу;
• кен орнын игеру және жұтаңдану жоспарларына енгізуге ұсынылатын қойнауқатты жобалау жазбаларының сапасын қамтамасыз ету;
• ұңғыма және қажетті қондырғылардың оңтайлы жайғастыру, оңтайлы ұңғыма құрылысы, оңтайлы қойнауқатты бағалау жоспарлары және оңтайлы ұңғыма жұмысы көрсеткіштерін қамтамасыз ету үшін геоғылымдар бөлімінің жұмысына қолдау көрсету;
• серіктестік пен ынтымақтастық орнаған жұмыс жағдайын қалыптастыру;
• топ мүшелерінің дамуына үлес қосу; белсенді оқу және тәлімгерлік ету тәжірибелерін ынталандыру;
• кен орнын игеру жобасы жоспарларын жүзеге асыруға және басқаруға жауапты болу;
• деректердің, соның ішінде үлгілік құжаттаманың тиімді басқарылуын және басқа жоба топтарымен ортақ пайдаланылуын қамтамасыз ету;
• сыртқы байланыстарды тиімді басқару;
• топ мүшелерінің жұмысын бағалау нәтижелерін Өнім қойнауқатын жобалау бөлімінің бастығына беру;
• техникалық топ мүшелеріне нұсқау және жұмысына қатысты кеңестер беру;
• топ жасаған жұмыс пен зерттеулердің техникалық сапасын тексеру.
Компанияның кез келген нысанының аумағында жүргізілетін жоспарлы-алдын алу мақсатындағы жөндеу жұмыстарына, осы жұмыстарға дейінгі және олардан кейінгі жұмыстарға қатысу (бұдан әрі - ЖМЖЖ);
• Компанияның кез келген нысанының аумағында Компания бекіткен кестеге сәйкес ЖМЖ жұмыстарын жүргізуге жауапты тұлғалардың (жазбаша немесе ауызша) тапсырмасы бойынша ЖМЖЖ кезінде ЖМЖ жұмыстарын орындау;
• ЖМЖ жұмыстарын жүргізу кезінде ДЕҚҚОҚ стандарттары мен сапаны бақылау процедураларын сақтау;
• ЖМЖ жұмыстарын жүргізуге жауапты тұлғалардың тапсырмаларын толық, тиісті түрде және белгіленген мерзімде орындау;
• ЖМЖ жұмыстарын жүргізуге жауапты тұлғалардың тапсырмаларын мерзімінде немесе тиісті түрде орындауға, сонымен қатар Компания белгілеген ЖМЖЖ кестесі мерзімін сақтауға кедергі келтіретін немесе мүмкіндік бермейтін мән-жайлар орын алса, бұл туралы дереу ЖМЖ жұмыстарына жауапты тұлғаларға хабарлау

Қажетті қабілеттер

  • Технический надзор
  • разработка пласта
  • планы освоения месторождений

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Кәсіби)
  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)