Топ басшысы (өнеркәсіпте) (игеру жөніндегі)

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
20

Қаралған саны:
1059

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері: 

техникалық қызметтер тобымен, техникалық директоратпен және үшінші тарап 
мердігер(лер)мен тығыз қарым-қатынас жүргізе отырып, тағайындалған жобалар бойынша ақтық-жобалық құжаттаманың уақтылы әзірленуін қамтамасыз ету;
• бекітілген игеру жоспарын жүзеге асыруға қатысты қатерлерді анықтау; қатерлерді басқару процесіне белсене атсалысу және қатерлердің техникалық және инженерлік-техникалық аспектілеріне жауапты болу; 
• жобаларды нормативтік-құқықтық сәйкестікті қамтамасыз ету талаптарына сәйкес жүзеге асыру; 
• тағайындалған жұмыстар бойынша жобаның басшылық тобына техникалық және жобаны басқару тұрғысынан қолдау көрсету;
• жобаның жетекші инженеріне тағайындалған жұмыс көлемі бойынша әрекет ететін мердігерлер мен кеңесшілердің жұмысын үйлестіру;
• ірі жобаны басқару, инженерлік-техникалық стандарттар мен техникалық шарттарға қатысты НКОК корпоративтік процестерінің түсінілуін және қолданылуын қамтамасыз ету;
• жобаның уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін өзге жобалардың жұмыс көлемі шеңберінде нәтижелі қарым-қатынас жүргізу және қолдау көрсету;
• ЖЖД бойынша бюджет әзірлеу, шығын көлемін бақылау және жоспарлау процестерін, соның ішінде көп жылдық және жылдық жұмыс бағдарламаларын және бюджеттер әзірлеу, тексеру және қадағалау;
• жоба бойынша тағайындалған топ мүшелеріне және ЖЖД негізгі функцияларына игеру жобаларына қатысты мәселелер бойынша қажетіне қарай көмек көрсету және кеңес беру; 
• ЖЖД міндеттері, мақсаттары және стандарттары корпоративтік процедуралар мен 
стандарттарға сәйкес тексерілгендігін, тіркелгендігін және басшылыққа хабарланғанын қамтамасыз ету; 
• жоба басшылық тобының нұсқауы бойынша жобаға және жобаны басқаруға қатысты арнайы жұмыс топтарының жұмыстарына қатысу;

Кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:

• инженерлік жобалау саласындағы дәрежесі;
• ірі мұнай / газ компаниясында және / немесе инженерлік-техникалық немесе жобалау, сатып алу және салу қызметтерін көрсетуші мердігер компанияда жоба инженері ретінде кемінде 6-8 жыл жұмыс істеген тәжірибесі; 
• мұнай-газ саласындағы ірі жобаларда істеген кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі, соның ішінде жобаның барлық кезеңдеріндегі жобалау, сатып алу, дайындау, орнату, қосу-реттеу салаларында басшылық қызметтегі және халықаралық деңгейдегі жұмыс тәжірибесі, сонымен қатар тиісті келісімшарттық аспектілер бойынша тәжірибесі;
• мұнай-газ саласындағы халықаралық ірі жобалардың озық тәжірибесі туралы білімі;
• игеру жобасы бойынша экономикалық талдау жасау және шешім қабылдау процесін терең білу;
• мұнай саласындағы дүниежүзілік экономика бойынша терең білімі.

Артықшылық болып саналатын кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:
• күкіртті газбен (құрамында H2S бар) жұмыс істеген тәжірибесі;
• жоспарлау және есеп беру, жобаны басқару және жобаны бақылау бойынша кемінде 3 жыл тәжірибесі;
• ірі мұнай және газ компаниясында кадрларды басқару саласында тікелей және жанама түрде жетекшілік лауазымда жасаған 3 жылдан астам жұмыс тәжірибесі;
• жоғарыда аталған және/немесе іспеттес салалар бойынша терең білімі;
• мұнай-газ саласындағы оператор компанияда істеген тәжірибесі.

Жұмысқа қажетті білімі мен дағдылары:
• жобаны басқару саласында білімі мен тәжірибесі, кешенді техникалық қиыншылықтары бар ірі жобаларда істеген расталған тәжірибесі;
• мықты талдау дағдылары; ірі мұнай және газ компаниясының қызметіне қатысты әр түрлі деректер жиының талдауға және түсіндіруге қабілеті; 
• ықтимал тосқауылдарды / салдарды төмендету шараларын анықтау қабілеті мен жетекшіліктің қарауына ұсыну үшін қысқа да нақты түрде талдау есептерін дайындау дағдылары;
• ішкі және сыртқы мүдделі тараптар үшін презентациялар, талдаулар және өзге де материалдар дайындау жұмыстарын басқару дағдысы;
• күрделі тапсырмалардың басымдылықтарын анықтау және оларды уақтылы орындау қабілеті;
• көпұлтты ортада тиімді жұмыс істеу қабілеті.

Артықшылық болып саналатын кәсіби дағдылары:
• түрлі техникалық салаларда инженерлік жобалау дағдылары; құрлық және теңіз кешендеріндегі мұнай және газ қондырғыларын пайдалану аспектілері бойынша терең білімі; 
• қатерлерді және өзгерістерді басқару концепцияларын білу; 
• ірі жобалардың көптеген серіктестер жұмылдырылған алдыңғы қатарлы/дамушы өндірістік салаларында істеген жұмыс тәжірибесі.

Қажетті қабілеттер

  • Базовые процессы управление рисками
  • эксплуатация наземных и морских нефтегазовых сооружений
  • добыча сернистого газа
  • инженер проекта

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Кәсіби)
  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)